Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің 2010.01.22 № 1 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, азаматтарды әскер есебі тізіміне алуда олардың санын, әскерге жарамдылықтарын, денсаулықтары мен дене тәрбиесі дайындықтарын анықтау, жалпы білім деңгейлері мен алған мамандықтарын есепке алып, әскерге шақырылушылардың бартын жерлерін күні бұрын белгілеу, әскери-техникалық мамандықтарға дайындау және әскери оқу орындарына түсуге кандидаттарды іріктеу мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2009 жылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында әскери есепке тіркеу кезінде жасы он жетіге толатын ер азаматтарды әскерге шақыру учаскесінің тізіміне алуды өткізсін.
2. Әскерге шақыру учаскесі «Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі мәтін бойынша - Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім) ұйымдастырылсын, мекен-жайы: Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, № 211 үй.
3. Қалалық, ауылдық, (селолық) округтер мен ауыл, (село) әкімдеріне, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйым басшыларына, оқу орындарының директорларына, азаматтардың әскери есепке тіркелуі және олардың Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандығы туралы хабарласын.
4. «Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өз құзыры деңгейінде, Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен өзара бірлескен іс-қимылда әскери міндетті орындаудан бас тартқандарды іздестіріп, табуды ұйымдастырсын.
5. «Ақкөл аудандық емханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері, әскер есебі тізіміне алынатын азаматтарды медициналық куәлендіруден өткізу үшін дәрігер-мамандарды іріктесін.
6. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, әскерге тіркеу кезеңіне, техникалық қызмет көрсетуші жұмысшыларды және басқа да қызмет көрсетушілерді комиссия жұмысына бөлсін.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
8. Аудан әкімінің шешімі Ақкөл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен қолданысқа түседі.
Ақкөл ауданы әкімі А. Үйсімбаев.
КЕЛІСІЛДІ
«Ақкөл орталық аудандық емханасы»
мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Ш. Бердімұратова
«Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
майор К.Нұрмағамбетов
«Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
полиция подполковнигі Ж.Сәрсембаев