Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 14.11.2014 № С 41-3 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 – ІІ “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 422 бабына сәйкес және Ақкөл ауданының әкімшілігі ұсынысын қолдауымен, ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданындағы тіркелген салық мөлшерлері бекітілсін.
2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 маусымдағы № С 44 – 5 «Ойын бизнесінің ұтысты, келісім бағамен жинақталған салықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу жөніндегі 2007 жылғы 20 шілдеде № 1-3-73 Өңірлік Тізілімдемеде тіркелген, 2007 жылдың 03 тамызда «Ақкөл өмірі» газетінде жарияланған шешімнің күші) жойылған деп танылсын.
3. Шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясы төрағасы Б.Жүнісов
Аудандық мәслихат
хатшысы Ю.Ужакин
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев
Бекітілген
2009 жылғы 30 қаңтардағы
Ақкөл аудандық мәслихатының
№ С 15-3 шешімі
Тіркелген салықтардың мөлшері
№ |
Объектінің атауы |
Тіркелген салықтардың мөлшері (бір айда бір АЕК) |
1 |
Ойынды бір ойыншымен жүргізуге арналған, ұтысы жоқ ойын автоматы |
1 |
2 |
Ойынды бірнеше ойыншымен жүргізуге арналған, ұтысы жоқ ойын автоматы |
2 |
3 |
Ойын жүргізу үшін қолданылатын жеке компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолағы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |