Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 маусымдағы № С19-3 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 маусымда № 1-3-108 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С43-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011.09.26 № С43-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу Ережелері бекітілсін (қосымша).
      2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 29 қазандағы № С 29–12 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалану ақысына көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу жөніндегі 2002 жылғы 15 қарашадағы тізілімдемесінде № 1374 тіркелген және аудандық «Знамя Родины» газетінің 2002 жылғы 26 қарашадағы 51-санында жарияланған) шешімі күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақкөл ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа түседі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қ. Нұрсадықов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ю. Ужакин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақкөл ауданының әкімі                      А.С. Үйсімбаев

БЕКІТІЛДІ
Ақкөл аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 1 маусымдағы
№ С 19–3 шешімімен

Тұрғын көмекті тағайындау және төлеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы ереже, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынасы туралы», 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, сәйкес шығарылды және тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.

1.Жалпы ережелер

      1.Тұрғын үйге берілетін көмек «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай - өкілетті орган) тағайындалады.
      2.Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) үй ұстау (жеке тұрғын үй ұстаудан басқа) үшін төленген ақының шығынын толтыруға, қолданған коммуналдық қызмет ақысына және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонның абоненттік ақысының өсуі себепті байланыс қызмет ақысына беріледі
      Тұрғын үй көмегін алуға құқықтары бар адамдар және отбасылар, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңымен қарастырылған жағдайда жалпы кондоминиум мүлігін күрделі жөндеу шығындарының өтемақысына құқықтары бар.
      3.Тұрғын үй көмегі аудан көлемінде тұрғылықты тұратын және  үйдің меншікті иесі немесе үйді жалға алып тұрушы (үйді жалға алып тұрушының қоластындағы) қала телекоммуникация желісінің абоненттері болып саналатын адамдарға, егер үйді (жеке тұрғын үй ұстаудан басқа) ұстау төлемінің, меншік тұрғын қорында жергілік уәкілетті органмен жалға алған үйді қолданғаны үшін жалға алу төлемінің, қолданылған коммуналдық қызмет ақысының және телефонның абоненттік ақысының өсуі себепті байланыс қызмет ақысының шығымы отбасының кіріс жиынтығының жіберетін жеке шығынның бөлігі он бес пайыз көлемінде асып кетсе ғана төленеді.
      4. Өтем мөлшерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының шамасы жалғыз тұратын азаматтарға 30 шаршы метр, екі немесе одан да көп адамы бар жанұяларға әр адамға 18 шаршы метр қабылдау.
      Нақты қолданудан шыға тұра, ҚНжәнеЕ (құрлыс нормалары мен ережелері) бойынша есептерге сәйкес шектелген шамалардан артық емес коммуналдық қызметтерді (сумен қамту, жылу қуаты, канализация, қоқсық) пайдалану нормативтері.
      5. Электр қуатын алуға өтемақылық мөлшерлер айда счетчиктің көрсетулері бойынша бекітіледі, бірақ жалғыз тұратын азаматтар үшін 70 кВт және 2 және одан да көп жанұялар үшін жанұяның әр адамына 50 кВт.
      6. Газ алу үшін өтемақылық мөлшерлер айда орталық газ беруде счетчиктің көрсетулері бойынша бекітіледі, бірақ жанұяның әр адамына 4 килограмм. Баллондық газ беруде жанұяның әр адамына 0,5 баллон. Газ баллондарды қолданған кезде, газдың бағасы расталатын құжатсыз өткен тоқсандағы құрылған жіберілетін орташа бағасы бойынша жасалады.
      7. Қатты отын алу үшін өтемақылық мөлшерлер жергілік жылу беру үйлер үшін пайдалы ауданының 1 кв.м. 83 кг мөлшерінде (қазан айы мен сәуір айы аралығындағы жылу беру мерзіміне). Көмір бағасын өткен тоқсанда жинақталған санақ мәліметтері бойынша орташаланған қабылдау.
      Көмірді мезгілдік сатып алуына байланысты, тұрғын үй тағайындауға қатты отын шығындар өтемақылық мөлшерлер шегінде жылына өтініш беру тоқсаның үш ай үшін есептеледі.
      Шығын норманың және жергілік жылу беру үшін басқа қолданылатын отын түрнің бағасын тұрғын үй есептеген кезінде шығынның эквиваленттік мөлшерінде және көмірдің құны есептеу.
      8. Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонның абонент ақысының өтемі заңдарға сәйкес белгіленеді.
      9. Жеке меншікте бір бірліктен артық үйі (пәтер, үй) бар немесе  үйін жалға берген адамдар тұрғын үй көмегін алуға құқығын жоғалтады.
      Егер отбасы құрамындағы еңбекке жарамды адам жұмыс істемесе, оқымаса және жұмыспен қамту сұрақтары бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмесе, мүгедектер, күтім қажет деп танылған мүгедектер және сексен жастан асқан азаматтар, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген № 1 тізімі, № 2 тізімі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар мен жеті жасқа дейінгі бала күтімінде отырған адамдардан басқалар, тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
      Тұрғын үй көмегі өтініш бергенше тұрғын үй-коммуналдық қызмет ақысы жөнінен қарыздар болған отбасыларға тағайындалмайды, кірісі жоқ отбасыларға бұл қатысты емес.

2.Тұрғын үй көмегін тағайындау

      10. Тұрғын үй көмегі бүкіл керек құжаттармен өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бірақ жәрдемақыға құқық пайда болғанынан бұрын емес.
      11. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы өтінішті үй йесі, үйді жалға алушы (үйді жалға алып тұрушының қоластындағы) қосымша келесі құжаттармен бірге береді:
      1) жеке бас құжаты көшірмесі;
      2) Азаматтарды тіркеу кітабы көшірмесі;
      3) отбасының барлық мүшелерінің алдындағы тоқсанға кірісі туралы анықтама;
      4) үйдің жекешелендірілгені, сатып алынғаны немесе жалға алынғаны жөніндегі келісім, жариялылық сипат туралы шешім көшірмесі;
      5) жылу беру бойынша қызмет көрсетуге шарт көшірмесі;
      6) (қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненті ретінде) телекоммуникация қызметы ақысын төлеген келісім;
      7) алдағы тоқсанға (жылу беруден басқа) коммуналдық қызмет үшін төлемдер туралы түбіртектері көшірмесі;
      Құжаттар тұпнұсқада және көшірмеде теңістіру үшін тапсырылады, кейін тұпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
      12. Өкілетті орган тапсырылған құжаттардың нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегінің тағайындалуы немесе бас тарту туралы шешім он бес күн ішінде шығарады.
      13. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға (жеке үйді ұстаудан басқа) жұмсалатын ақының, меншік тұрғын қорында жергілік уәкілетті органмен жалға алған үйді қолданғаны үшін жалға алу төлемінің, қолданылған коммуналдық қызмет ақының компенсациялық шамалар мен коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері қамтамасыз ететін тұрғын үй ауданының нормалары шегінде және де қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефонға абонент ақысының өсуі себепті байланыс қызмет ақысының нақты төлемі және осы мақсатқа жіберетін жеке шығынның бөлігі асып кетсе ғана төленеді айырмасы ретінде есептеледі.
      Тұрмыстық көмекті тағайындау ағымдағы тоқсанға тоқсан сайын жүргізіледі, сонымен жанұя кірістері және (жылу беру шығындардан басқа) коммуналдық қызмет үшін шығындар өткен тоқсанға есептеледі, жылу беру шығындары нақты төлемдер бойынша ендігі есептерімен жоспарланған есептерден алынады.
      14. Тұрғын үйді ұстау ақысына және коммуналдық қызмет ақысына тариф өзгерген жағдайда өкілетті орган алдында тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептейді.
      15. Өтініш иесі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығына жауап береді.
      Тұрғын үй көмегін алушылыр өзгерістер (үй меншігі, жанұя құрамы) болған жағдайда өкілетті органды он тәулік ішінде хабарландыруы қажет.
      Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе келісті органдардан тұрғын көмекке тағайындалу құқығын растайтын қосымша мәліметтер сұрауға құқылы.

3.Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      16. Тұрғын үй көмегі ақшалай алушылардың шоттарына аударылады.
      17. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қорынан көрсетіледі.
      18. Тұрғын үй көмек төлемдер ай сайын өткен айға жүргізіледі.

4.Жанұяның жиынтық табысты есептеу тәртібі

      19.Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін үндеу берген тоқсанның алдынғы тоқсанның отбасының жиынтық табысқа жанұяның бірге тұратын бүкіл мүшелерінің табыстары қосылады (әрі қарай-есеп кезеңі).
      20.Жарты айлық жанұяның жиынтық табысы тоқсанға осы кезеңнің жиынтық табыстың тоқсандағы айлар санына бөлу жолымен есептеледі.
      Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келген (кеткен) күннен бастап есепке алынады(алынбайды).
      21.Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай ендігі түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      4) тоқсанда бес айлық есеп көрсеткіштер көлемінде жеке қосалқы шаруашылықтан (бақша, саяжай, жайлық учаскі кірістерінен басқа);
      5) өзге де табыс;
      22.Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) атаулы әлеуметтік көмек;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар;
      3) тұрғын үй көмегі;
      4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      6) жергілікті органдардың шешімі бойынша жекеленген категориялық мұқтаждық көруші азаматтарға бір жолғы төлеу және материалдық көмек.

5. Тұрғын көмекті тағайындау және төлеу дұрыстығын бақылау

      23. Тұрғын көмекті тағайындау және төлеу дұрыстығын бақылау келісті бюджетті орындауды бақылау шегінде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады