Бөгенбай селосының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Бөгенбай селосы әкімінің 2009 жылғы 25 маусымдағы № 5 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 тамызда № 1-3-118 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының  001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына және ауыл тұрғындарының жедел отырысының 2008 жылғы 11 мамырдағы хаттамасында қабылдаған ұсынысқа байланысты Бөгенбай селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бөгенбай селосының көшелеріне келесі атау берілсін (қоса берілген сұлбаға сәйкес):
      № 1 көшеге – «Бөгенбай көшесі»
      № 2 көшеге - «Ақан Сері көшесі»
      № 3 көшеге – «Абай көшесі»
      № 4 көшеге – «Бейбітшілік көшесі»
      № 5 көшеге – «Мектеп көшесі»
      № 6 көшеге – «Достық көшесі
      № 7 көшеге – «Сәкен Сейфулин көшесі»
      2. Осы шешімнің  орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеліп, ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді және қолданысқа түседі.

      Село әкімі                                 Б.Шайқын

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Аққөл ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Б.Б.Әкімова

      «Аққөл ауданының
      сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    И.И.Карпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады