"Аршалы ауданының елді мекендерінде мемлекеттен беретін жеке меншікке жер теліміне базалық ставка төлемақыларына түзету коэффициентін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 мамырда № 43/4 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Аршалы аудандық әділет басқармасында 2007 жылғы 26 маусымда № 1-4-106 нөмірімен тіркелген

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 ақпандағы № 13/3 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда № 1-4-130 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 12/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 22.01.2013 № 12/2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 10 бабының 2 тармағына, 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, және Аршалы аудандық жер қатынастар бөлімінің № 01-09/4 2009 жылғы 09 қаңтардағы ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы ауданы елді мекендерінде мемлекеттен беретін жеке меншікке жер төлеміне базалық ставка төлем ақыларына түзету коэффициенті өзгертілсін:
      Аршалы аудандық мәслихатының 2007 жылдың 30 мамырдағы № 43/4 шешімімен бекітілген «2» коэффициенті ауданның елді мекендерін аймақтандыру картасы (сызбанұсқасы) болмауы салдарынан Аршалы ауданының елді мекендерінде мемлекеттік жеке меншікке берілген жер телімдері үшін базалық төлем ақы мөлшеріне шаруашылық орталығына үйлестілігіне байланысты көркейтуге инженерлік жабдықтандыруға нақты қаражат деңгейіне «1» түзету коэффициентіне өзгерілсін.
      2. Осы шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркелгеннен бастап өз күшіне енеді, аудандық баспасөз «Аршалы айнасы» және «Вперед» газеттерде жариялансын.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ғ. Рыспаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ю. Сериков

      Келісілген:

      Аршалы бойынша жер
      қатынастар бөлімінің
      бастығы                                    Е. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады