Азаматтарға тұрғындық үйді ұстауға көмек, байланыс қызметіне, коммуналдық қызметке төлемге көмек жасау туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 20/7 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 тамызда № 1-4-153 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы № 42/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 11.11.2011 № 42/2 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға көмек, байланыс қызметіне, коммуналдық қызметке төлемге көмек жасау туралы ұсынылған Ереже бекітілсін.
      2. Осы шешім Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және арнайы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Р.Федорова

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ю.Сериков

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Аршалы ауданының
      әкімі                                      Е.Маржықпаев

БЕКІТІЛГЕН     
Аршалы аудандық   
2009 жылғы 22 шілдедегі
№ 20/7 шешімімен   

Азаматтарға байланыс қызметі және коммуналдық қызмет ақыларын төлеу үшін тұрғын-үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі - тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді сақтаудан басқа), байланыс қызметі мен коммуналдық қызмет ақыларының төлемдері бойынша шығындарын толықтыру үшін азаматтарға ұсынылатын өтемақы.
      2. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын тұлғаға, үйдің жеке меншік иесі немесе жалға алушы кісілерге, егер үйді ұстауға төленетін  үстемақы және коммуналдық қызметті пайдалану отбасының жиынтық табысының белгіленген мөлшерінен 15 % асқанда беріледі.
      Коммуналдық қызметті пайдалану және тұрғын-үйді ұстау төлемдері көлемнің белгіленген жоғарғы нормаларымен жалпы негіздеме бойынша жүргізіледі.
      Тұрғын-үй көмегін көрсетуге, жергілікті жылу беретін, жеке меншік үйлерінде тұратын, тұрғын үйдің жеке меншігі саналатын, немесе жалға тұратын, жалға тұру- келісім шарты бар, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен, аз қамсыздандырылған отбасылар (азамататар) құқылы;
      3. Тұрғын үй көлемінің мөлшері бір кісіге 30 текше метр алынады. Жалғыз тұратын кісілер үшін тұрғын үй көлемі 18 текше метр, мөлшерінде алынады бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз емес.
      Жергілікті жылу беретін, жеке меншік үй құрылысында тұратын, аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін есептеу үшін, 1 текше метрге 199 кг. жанармай шығыны (мөлшеріне) жылу беру уақытында тұрғын үй нормасына сәйкес ескерілсін;
      Коммуналдық қызметтерді пайдалану мөлшері (су, газ, канализация, жылу энергиясы, лифттер, қоқыс) нақты пайдаланудан бекітіледі, бірақ нормативтік құжаттарға сәйкес шектеулі өлшемдерден көп емес.
      Көмір бағасын есептеу үшін «Аршалы аудандық статистика бөлімі» мемлекеттік мекемесі тоқсанның соңғы айына ұсынған, келесі тоқсанға тұрғын-үй көмегі есебіне, аудан бойынша орташа бағасы қолданылсын.
      Электр қуатын пайдалану нормасы бір адамға 75к Вт мөлшерінде бекітілді.
      4. Жеке меншігінде бірден артық үй-жайын жалға немесе жалдауға берушілер тұрғын үй-жайын жалға немесе жалдауға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      Отбасыларында тұрғын үй көмегін алу, егер оларда жұмыс істей алатын кісілер бола тұра, жұмыс істемесе, оқу оқымаса және жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрмаса, тек мына кісілерден, мүгедектерді күтушілер, күтім қажет деп тапқан жағдайда, немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен отырғандардан басқаларының құқығы болмайды.

2. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер,
жеке тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын есептеу

      5. Жеке тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын, тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау үшін өкілетті орган анықтайды.
      6. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы түрінде алынатын табыс;
      2) кәсіпкерлік қызмет түрлерінен түсетін табыс;
      3) мүліктік табыс;
      4) мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, стипендия, тұрғын үй көмегінен, атаулы әлеуметтік көмектен 18 жасқа толмаған балаларға мемлекеттік жәрдем ақы жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақыдан, бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, есептік кезеңде белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жалпы сомада көрсетілген, ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмектен басқа әлеуметтік қолдаудың басқа түрлері, жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін, бір жолғы төлемдер және материалдық көмек, және де жұмыс берушілер, есепті кезеңде белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жалпы сомада, азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолын төлеу, протездеу уақытында азаматтарды қамтамасыз ету, азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген көмек түрлері;
      5) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      6) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген бір жолғы көмек сомасы;
      7) ақшалай және басқа түрдегі ұтыстар;
      8) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс (соның ішінде үй мал-шаруашылығынан).
      Табыс мөлшері, тоқсандағы отбасының жиынтық табысында саналатын, қалалық және ауылдық жерлерде жасайтын, отбасы үшін есептік көрсеткіштің мөлшерінің 5 – есе көлемде қабылданады.
      7. Табысы жоқ отбасыларынан басқаға, өтініш берген мезгілде коммуналдық қызмет ақысынан қарызы болса, ондай отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Телекоммуникация тарабының абоненттеріне (әрі қарай- абонент) тек қана Аршалы кентінің тұрғындарына телефон үшін абоненттік төлемі өсуінің айырмасын тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердің пайдалану шығын сомасына кіргізілу арқылы телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің өтемақы төленуі жүзеге асырылады.
      Телефон төлемінің тарифтердің көтерілуінің өтемін алу үшін абонент тұрғын – үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттармен аудандық өкілетті орган – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінеді.
      Тұрғын үй көмегі абоненттік тарифтің көтерілуі жағынан телефон үшін абоненттік төлемнің көтерілуінің айырмасынан жоғары болу мүмкін емес.

3. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы

      8. Тұрғын үй көмегін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берілгеннен бастап ағымдағы тоқсанның санына дейін тағайындалады. Тұрғын үй көмек беру жөніндегі өтініш тек қана отбасының бір мүшесінен ғана қабылданады. Тұрғын үй көлемінің мөлшерін белгілеу үшін өтінген тоқсанның алдыңғы тоқсандағы отбасының орташа кірісі есептеледі.
      Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің (жалдаушының) өтініші және оған қосымша құжаттардың негізінде тағайындалады:
      1) Отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) Пәтерге құқықтықты анықтайтын құжаттар (техникалық паспорт, ордер, келісімдер – жекешелендіру, жалға беру т.т).
      3) Отбасының барлық мүшелерінің табыстары туралы ақпарат (жалақы, стипендияның мөлшері туралы, алиметтер туралы, мемлекеттік зейнетақы туралы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік атаулы жәрдемақы);
      4) Қолдағы жеке шаруашылығы туралы мәлімет;
      5) Тіркелген жекеменшік туралы жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау жөнінде Орталық филиалынан анықтама (бірінші рет өтініш бергендер үшін);
      6) Телекоммуникация қызметтері үшін келісім немесе есеп-түбіртек;
      7 )Коммуналдық қызметтер үшін төлемдер туралы түбіртек;
      8) Жеке куәлік, СТН.
      9. Тұрғын үй көмегін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды, өтініш берушіден құжаттарды қабылдағаннан кейін он күн ішінде қарап, тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім шығарады және осы шешім туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Көмек алушының тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін төлемдер бойынша қарызы болған жағдайда, алушының жазбаша өтініші бойынша оған тағайындалған тұрғын үй көмегі қызмет берушінің есеп-шотына (аудандарда алушылардың шоттарына) аударылады.
      10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйге және коммуналдық қызметке шығарылған төлемнің сомасынан аспауы қажет.
      11. Тұрғын үй көмегін алушылар отбасы құрамының және оның бірлескен табысының өзгеруі бойынша өкілетті органды хабардар етулері керек. Көтеріңкі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға апарған сенімсіз мәліметтерді бергені үшін тұрғын үйдің жалдаушысы (иесі) тұрғын үй көмегін алу құқығынан бір жылға айырылады. Артық төленген сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, қайтарылмаған жағдайда сот арқылы алынады.
      12. Мәлімет сенімсіздік және күдік туған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сұраныс жасауға құқылы, ал, тұрғын үй көмегіне үміткер, занды және жеке тұлғалар табысы туралы мәлімет беруге міндетті «немесе алушының есеп шотына».

4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі

      13. Тұрғын үй көмегінің төленуі ай сайын тағайындалған сомаларды алушының есеп шотына немесе ақшасыз жолмен коммуналдық қызметтерді берушілерге салу арқылы жасалады.
      14. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы және телефон өтемі жағынан барлық меншік түрлеріндегі үйлерде тұратын азаматтарға жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      15. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) Тұрғын үй көмегін беруге бөлінген қаржыны коммуналдық қызмет көрсетушілерге аударады, жеке өтініш берген - тұрғын үй көмегінен үміткердің тапсырмасына сәйкес.
      2) Коммуналдық қызметке төлеуге пәтерлердің иелеріне (жалдаушыларына) тағайындалған тұрғын үй көмегі сомаларының жиынтық тізілімін қаржы органдарына ай сайын ұсынуды қамтамасыз етеді.
      16. Аудандық Қаржы бөлімі бекітілген шығын тізімінің шеңберінде  есептелген сомалар бойынша ұсынылған жиынтық тізілімдер негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі бағдарлама әкімшісі арқылы ай сайын осы бағдарлама бойынша қаржыландырады.
      17. Аудандық қаржы бөлімі тұрғын үй көмегіне бөлінген, алғашқы құжаттар бойынша, бюджет қаражатының жұмсалуын жылына бір рет тексеруге міндетті.
      18. Жалған немесе жасанды құжаттар арқылы заңсыз тұрғын үй көмегі төленгені үшін, айыпты лауазымды тұлғалар, заң бойынша белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады