Аршалы ауданындағы ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім, мәдениет әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдық тізімдемесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № А-528 қаулысы. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 қыркүйекте № 1-4-155 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № А-32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 21.01.2014 № А-32 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихаттың "Аршалы ауданының ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс жасайтын, білім, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдық тізімдемесіне келісім жасау туралы" 2009 жылғы 22 шілдедегі № 20/12 сессия шешімінің негізінде, ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аршалы ауданының ауылдық (селолық) жерлерде білім, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында жұмыс істейтін лауазымды мамандардың тізімдемесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Талғат Жаңабергенұлы Мәмбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулының әрекеті 2009 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аршалы ауданының әкімі Е.Маржықпаев

  Аршалы ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Аршалы ауданындағы ауылдық (селолық)
жерлерде жұмыс істейтін білім, мәдениет
әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы
мамандарының лауазымдық тізімдемесі

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
Маманның лауазымдық атауы
Білімі
Барлық мұғалім мамандары
 
Кітапханашы
Мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазынашылық кәсіпорын басшылары
Жүргізуші
Өндірістік дәріс беруші мастер
Медициналық мейірбике
Музыкалық басшы
Педагог-психолог
Мемлекеттік мекеме және қазынашылық кәсіпорын басшылары
Мемлекеттік мекеме және қазынашылық кәсіпорын басшыларының орынбасарлары
Жетекші
Әскери жаттықтырушы
Әдіскер
Мәдениет
Мәдениеттік мемлекеттік мекеме және қазынашылық кәсіпорын басшылары
Музыкалық басшы
Әдіскер
Аккомпаниатор
Үйірме басшысы
Мәдени ұйымдастырушы
Клуб меңгерушісі
Кітапханашы
Суретші
Библиограф
Әлеуметтік қамтамасыз ету
Әлеуметтік қызмет көрсетуші

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады