Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес және ауылдық округ тұрғындары жиналысының 2009 жылғы 25 сәуірдегі хаттамасын есепке ала отырып, Бұлақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Бұлақсай ауылындағы келесі көшелерге жаңа төмендегі атаулар берілсін: № 1 көшесіне – Тың игерушілер атауы, № 2 көшесіне - Абай атауы, № 3 көшесіне - С.Сейфуллин атауы, № 4 көшесіне - Д.Б.Тналина атауы, №5 көшесіне - Оқжетпес атауы, №6 көшесіне - Астана атауы, № 7 көшесіне – М. Мақатаев атауы, № 8 көшесіне - Сары-Арқа атауы, № 9 көшесіне - Бөгенбай атауы берілсін.
Қостомар селосындағы келесі көшелерге төмендегі жаңа атаулар берілсін: № 1 көшесіне – Д. Қонаев атауы, № 2 көшесіне - Құрманғазы атауы, № 3 көшесіне - Қ. Сатпаев атауы берілсін.
Ақжар селосындағы келесі көшелерге төмендегі жаңа атаулар берілсін: № 1 көшесіне – М. Әуезов атауы, № 2 көшесіне - Құрманғазы атауы берілсін.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме аламын.
3. Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші рет жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Бұлақсай ауылдық
округінің әкімі Т. Құдабеков