Атбасар ауданының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Атбасар ауданыныда жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы" № 4С4/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4С15/8 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 наурызда № 1-5-111 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С25/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 12.04.2010 № 4С25/18 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты шешім етті:
      1. 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы" № 4С 4/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде № 1-5-85 тіркелген, 2008 жылғы 18 қаңтарда "Атбасар" № 3, "Простор" № 3 газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімге қосымша:
      1 бағанның 2 тармағындағы "2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі" сөздері мен сандары "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі" сөздері мен сандарына ауыстырылып және "2008 жылғы 7 қазандағы Ақмола облысы әкімдігінің "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" № А-7/428 қаулысы", (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде № 3238 тіркелген)
      2 баған 5 тармақ 3) тармақшасында "Чернобыль атомдық станциясының апатын жоюға қатысқандарға - мүгедектерге" сөзінен кейін "1988 жылдан 1989 жылға дейінгі кезеңде" сандары мен сөздерімен толықтырылсын;
      4 баған 9 тармақ 3) тармағында "стационарлық емделуде болған анықтамасы" сөзінен кейін "немесе амбулаториялық емделуде" сөзімен толықтырылсын;
      2 бағанның 5 тармағы 10) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      "10) тыл еңбеккерлеріне"
      4 баған 10 тармағындағы "Мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік төлем мөлшері сауықтандырудың жеке бағдарламасы бойынша, кіріс есебінсіз төленеді" сөздері редакцияда келесі мазмұнмен баяндалсын "Жалғыз тұратын мүгедектерге, біреудің күтіміне мұқтаж 1, 2 топ мүгедектеріне, 18 жасқа дейінгі мүгедек- балаларға, онкологиялық және туберкулез науқастарға әлеуметтік төлем мөлшері емделу түрінен тәуелсіз, кіріс есебінсіз төленеді";
      6 баған 21 тармақта "Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі" аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде, әлеуметтік төлем төлеу үшін мәліметтері негізінде тізім құрастырады және ұсынады" деген сөздері келесі мазмұнда редакцияда баяндалсын "Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі" аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде, әлеуметтік төлем төлеу үшін мәліметтері негізінде тізім құрастырады және ұсынады, әлеуметтік көмек жөнінде комиссия шешімін алған күннен 15 күн тізбелік күн ағымында төлем жүргізіледі".
      2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне және ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
 
сессиясының төрағасы
А.Б.Ахметов
Атбасар аудандық
 
мәслихатының хатшысы
Б.А.Борұмбаев
КЕЛІСІЛДІ:
 
Атбасар ауданының
 
әкімі
Р.Ш.Әубәкіров
"Атбасар аудандық
 
жұмыспен қамту және
 
әлеуметтік бағдарламалар
 
бөлімі" мемлекеттік
 
мекемесінің бастығы
С.А.Дүйсенбаева

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады