Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы" № 4С 4/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 4С17/6 қаулысы. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 мамырда № 1-5-114 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С25/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 12.04.2010 № 4С25/18 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы" 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С4/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-85 тіркелген, 2008 жылғы 18 қаңтарда "Атбасар" № 3, "Простор" № 3 газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулармен Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы" № 4С4/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4С 15/8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-111 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда "Атбасар" № 11, "Простор" № 11 газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізумен өзгерістер енгізілсін:
      2 тармағындағы "2003 жылғы 14 ақпандағы "Жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" № С 25/3 шешімі (Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 21 наурызда № 1623 тіркелген, 2003 жылғы 11 сәуірде "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын" сөздері мен сандары келесі мазмұндағы сөздермен және сандармен ауыстырылсын, "Жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 14 ақпандағы № С 25/3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1623 тіркелген, 2003 жылғы 11 сәуірде "Атбасар" № 25, "Простор" № 25 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын"
      2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оны бірінші ресми жарияланғаннан соң күн тізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
 
сессиясының төрағасы
Ивашин А.М.
Атбасар аудандық
 
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.
КЕЛІСІЛДІ:
 
Атбасар ауданының
 
әкімі
Әубәкіров Р.Ш.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады