2009 сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аззаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/143 қаулысы. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 маусымда № 1-5-118 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № А-2/28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2010.02.04 № А-2/28 қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 Қаулысына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында «Ақмола облысы Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнiндегi бiрiктiрілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі ММ) арқылы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезінде «Ақмола облысы Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнiндегi бiрiктiрілген бөлімі» ММ (келісім бойынша) жанында азаматтарды медициналық куәландырылуын жүргізу үшін шақыру учаскесі мен шақыру пункті мына мекен-жайы бойынша ұйымдастырылсын: Ақмола облысы Атбасар қаласы, Лука Белаш көшесі, 52/1 үйі.
      3. Азаматтардың шақырылуын жүргізу кезеңінде 1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы құрылып, 2 қосымшаға келісімді мерзімді әскери қызметіне азаматтарды шақыруын өткізу үшін кестесі бекітілсін.
      4. Село, ауылдық және селолық округтерінің әкімдері медициналық және шақырылу комиссиясынан өту және оларға әскери қызметтен өту үшін алыс елді-мекенде тұратын азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы 2009 жылғы 17 сәуірінде пайда болған құқықтық қатынасқа таратылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы Атбасар ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының
      әкімі                                      Р. Әубәкіров

      Келісілді:

      «Қазақстан Республикасының
      ішкі істер Министрлігі
      Ақмола облысының ішкі істер
      Департаменті Атбасар
      ауданының ішкі істер
      бөлімі» ММ бастығы                         Р. Әлеев

      Ақмола облысы денсаулық
      сақтау басқармасы жанындағы
      «Атбасар аудандық емханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынның бас дәрігері                  С. Панасюра

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы
      «Атбасар орталық аудандық
      ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері        Т. Махамбетова

      «Ақмола облысы Атбасар
      қаласының қорғаныс істері
      жөнiндегi бiрiктiрілген бөлімі»
      ММ бастығы                                 Ә. Әубәкіров

Атбасар ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/143
қаулысына 1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімдігі 2009.11.20 № а-11/301

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Әубәкіров Әділхан Исаходжаұлы

«Ақмола облысы Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнiндегi бiрiктiрілген бөлімі» ММ бастығы, шақыру комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Қаженов Жоламан Ғалымұлы

- аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Байленов Арман Қайырлыұлы

- «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Ақмола облысының ішкі істер Департаменті Атбасар ауданының  ішкі істер бөлімі» ММ бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Брадецкая Валентина Лукьяновна

- Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Атбасар аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның көз дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)

Рысакова Дәмелі Ақпашқызы

- «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Атбасар орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қабылдау бөлмесінің медициналық бикесі–шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

Атбасар ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/143
қаулысына 2 қосымша

Мерзімді әскери қызметке азаматтардың
шақыруын өткізу кестесі.

Село, ауылдық, селолық округтерінің атаулары

Шақырушылардың
саны

Комиссияны өткізу
күні уақыты сағат
9.00-ден, 18.00-ге
дейін

сәуір

қазан

Адыр селолық округі

24

41

15 мамыр

1 қазан

Борисовка селосы

50

50

17 сәуір

6 қазан

Қаражар селолық округі

15

21

15 мамыр

5 қазан

Макеевка селолық округі

50

50

22 сәуір

7 қазан

Мариновский селолық округі

150

149

24,27,28
сәуір

22,23,26 қазан

Ново-Александровка селосы

50

50

23 сәуір

2 қазан

Новосельский селолық округі

50

50

29 сәуір

27 қазан

Ново-Мариновка селосы

30

29

18 мамыр

5 қазан

Октябрьский селолық округі

50

50

30 сәуір

8 қазан

Покровка селосы

24

33

13 мамыр

12 қазан

Полтавка селолық округі

50

49

4 мамыр

9 қазан

Садовый селолық округі

42

50

14 мамыр

28 қазан

Сепе селосы

20

17

5 мамыр

12 қазан

Сочинское селосы

30

49

5 мамыр

13 қазан

Сергеевска селолық округі

50

77

6 мамыр

16-19
қазан

Тельман селолық округі

50

50

8 мамыр

15 қазан

Есенгелді ауылдық округі

40

67

12 мамыр

14-19
қазан

Шұңқыркөл селолық округі

20

21

13 мамыр

21 қазан

Ярославский селолық округі

100

79

20-21 сәуір

20-21 қазан

Атбасар қаласы

-

50

-

29 қазан

Атбасар қаласы

мамыр
505

қараша
1000

12,13,
14,15,
18,19,
20,21,
22,25,
26,27,
28,29
мамыр

2,3,4
5,6,9,
10,11,
12,13,
16,17,
18,19,
20,23,
24,25,
26,27
қараша

Атбасар қаласы

маусым
1050

жел-
тоқ-
сан
750

1,2,3,4,
5,8,9,10,
11,12,15,
16,17,18,
19,22,23,
24,25,26,
29 маусым

1,2,3,4,
7,8,9,10
11,21,
22,23,
24,25,
28
желтоқ-
сан

Барлығы

2450

2782



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады