Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 маусымдағы № а-6/140 қаулысы және Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 маусымдағы № 4С-18/4 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 шілдеде № 1-7-85 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 12-бабының 5-1 тармақшасына, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі аудандық комиссияның 2009 жылғы 3 маусымдағы шешіміне сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының мына
көшелері:
      1) 40 лет Октября көшесі Иван Остроконь көшесі;
      2) Баумана көшесі Алтын Әбішева көшесі болып қайта аталсын.
      2. Қаулы мен шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      3. Қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының
      әкімі                                      Е.Нұғыманов

      Бұланды аудандық
      мәслихатының 18-сессиясының
      төрағасы                                   С.Ержанов

      Бұланды аудандық
      мәслихатының хатшысы                       П.Веселов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады