Ерейментау ауданы Ақмырза селолық округінің Жолбасшы ауылының көшесіне атауын иелену және Ақмырза ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақмырза селолық округі әкімінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 6 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда № 1-9-133 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін еске ала отырып, Ақмырза селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жолбасшы ауылының көшесіне атауы иеленсін:
      № 1 көшеге Жолбасшы атауы берілсін.
      2. Ақмырза ауылы көшелернің атаулары келесі атауларымен өзгертілсін:
      Центральная көшесі Тұрсынбай Биімжанов атындағы көшесіне;
      Целинная көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      Октябрьская көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      Приречная көшесі Достық көшесіне;
      Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
      Степная көшесі Ынтымақ көшесіне.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмырза селолық
      округінің әкімі                            Л.Ж. Несіпбаева

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ерейментау ауданның сәулет
      және қалақұрлысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.К. Бәтенов

      «Ерейментау аудандық мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М.Б. Әдірешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады