Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2010.01.13 № 04 қаулысымен
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қантарындағыЗаңының 31 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, 2005 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына және 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, мүгедектерге жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
2. Қорғалжын ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмыс орындарына жіберуін ұйымдастырсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
4. Қаулы Қорғалжын аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және аудандық газетке міндетті түрде жариялануы тиіс.
Аудан әкімі С. Касенов
Аудандық әкімдігінің
2009 ж.«26» қаңтардағы
қаулысына 4 қосымша
Мүгедектерді 3 % квота бойынша жұмысқа
орналастыру тізбесі
№ |
Мекемелердің |
Орналасқан орны |
Адамдар |
1 |
Кенбидайық орта мектебі |
Кеңбидайық |
1 |
2 |
ЖК «Бексеитов» |
Қорғалжын |
1 |
3 |
ӘТЛ «Сұнқар» |
Қорғалжын |
2 |
4 |
«Ақжол 2030» ЖШС |
Жантеке |
1 |
5 |
Аудандық поликлиника |
Қорғалжын |
1 |
6 |
Қорғалжын аудандық мектеп-гимназия |
Қорғалжын |
1 |