2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 55 қаулысы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 мамырда № 1-15-126 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 71 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы, 8 тармақшасына және 2005 жылдың 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына, 20 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметін өткерген мерзімді әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті әскерге 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақыру туралы» 2009 жылдың 1 сәуіріндегі № 779 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс істер министірінің «Мерзімді әскери қызметкерлерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті әскерге 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақыру туралы» 2009 жылдың 2 сәуіріндегі № 128 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметін өткерген мерзімді әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті әскерге 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақыру туралы» 2009 жылдың 1 сәуіріндегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес,Қорғалжын ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Аудандық «қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» Әшімов Т.О келісім бойынша) мемлекеттік мекемесі.
      1) 2009 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы аймағында он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастырсын.
      2) Әскери шақырылу пункті келесі мекен-жайда белгіленсін: Қорғалжын ауылы, Қ.Күмісбеков көшесі 30 үй аудандық «қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
      2. Аудандық емхана мемлекеттік қазыналық-коммуналдық кәсіпорны  (Үсенов А.О. келісім бойынша)
      1) Әскерге шақырылу кезінде керекті дәрігерлер мен медбикелер және басқа қызметкерлер, автокөлікпен қамтамасыз етілсін.
      3. Аудандық аурухананың бас дәрігері А.Құдайқұлов.(келісім бойынша)
      1) Әскерге шақырушылардың тұрақты ем алуына 8 керует орын қамтамасыз етілсін.
      2) Омыртқа жотасы мен аяқ өкшесінің рентгендік зерттеуі  қамтамасыз етілсін.
      4. 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру үшін аудандық комиссия құрылсын. (қосымша №1)
      5. Аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі (Әбішев А.Қ. келісім бойынша) Әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кету кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      6. Ауылдық әкімдер: Әскерге шақырылушыларды берілген кесте бойынша, аудандық комиссияға дер кезінде келуін қамтамасыз етсін. (қосымша №2)
      7.Қорғалжын ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесі (Ахатова Б.А.) Қорғалжын аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша әскерге шақырылушыларды тасымалдау үшін автокөлікпен (автобус) қамтамасыз етсін.
      8. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      9. Қаулы Қорғалжын Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      10. Қорғалжын ауданы әқімдігінің осы қаулысының күші 2009 жылдың 3 сәуірінен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды және реттейді.

      Аудан әкімі                                С.Қасенов

Қорғалжын аудан әкімдігінің
07 мамыр2009ж № 55
Қаулысына 1 қосымша

АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

      Әшімов Талғат             Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
      Оралбекұлы                бөлімінің бастығы, шақыру
                                комиссиясының төрағасы (келісім
                                бойынша)

      Кәрімова Қалима           Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік
      Мұсылманбекқызы           құқықтық бөлім бастығы, комиссия
                                төрағасының орынбасары.

КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:

      Найманбаев Егінбай        АIIБ – бастығының орынбасары
      Қазенұлы                  комиссия мүшесі (келісім бойынша)

      Шахманова Роза            Аудандық орталық аурухананың
      Жәкуқызы                  дәрігері медициналық комиссиясының
                                төрағасы (келісім бойынша)

      Мұқатаева Биғайша         Аудандық емхананың медбикесі,
      Абсағитқызы               медициналық комиссиясының хатшысы
                                (келісім бойынша)

Аудан әкімінің
7 мамырдағы 2009 жылғы
№ 55 қаулысына 2 қосымша

Келісім парағы

      Келісілді:

      Аудандық Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы:               Т.Әшімов

      Аудан ІІБ бастығы:                         А.Әбішев

      Аудандық поликлиниканың
      бас дәрігері:                              А.Үсенов

      Аудандық аурухананың
      бас дәрігері:                              А.Құдайқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады