Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 "Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 13/10 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 қыркүйекте № 1-16-98 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 54 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 54 хатымен).

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сандықтау аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-1 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 25 сәуірдегі «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған), Сандықтау аудандық мәслихатының 2005 жылғы 8 қарашадағы № 21/6 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-21 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 1 желтоқсандағы «Сандыктауские вести» газетінде 95 нөмірімен жарияланған), Сандықтау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы № 30/3 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-48 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 30 қазандағы «Сандыктауские вести» газетінде 84 нөмірімен жарияланған), Сандықтау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 маусымдағы № 36/2, «Аудандық мәслихаттың 2005 жылға 18 наурыздағы № 15/2 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-61 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 4 шілдедегі «Сандыктауские вести» газетінде 50 нөмірімен жарияланған), Сандықтау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 3/6 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-67 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 21 қаңтардағы «Сандыктауские вести» газетінде 5 нөмірімен жарияланған) шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешіміне келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
      Жоғарыда көрсетілген аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген, жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесінде:
      5 тармақтағы:
      2) тармақшадағы «өкпе ауруымен ауыратындар» сөзінен кейін «аз қамтамасыз етілгендер отбасыларынан» сөзі жойылсын;
      5) тармақша жойылсын;
      7 тармақшадағы «өкпе ауруымен ауыратындар» сөзінен кейін «аз қамтамасыз етілгендер отбасыларынан» сөзі жойылсын;
      8-1 тармағы жойылсын;
      11 тармақта:
      алтыншы абзац жойылсын;
      жетінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
      «Өкпе ауруымен ауыратындарға ай сайын қосымша бір айлық есептеу көрсеткіші төленеді»;
      оныншы абзац келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына бір аз есептік көрсеткіш есебінен белгіленеді» сөздермен және сандармен толықтырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.А.Сыркин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ш.С.Сабержанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Сандықтау ауданының
      әкімі                                      Қ.О.Сүйіндіков

      «Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Н.А.Мурашиди

      «Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    С.В.Назарович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады