Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің 2009.04.23 № 9 шешімімен
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 баптарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 13) тармақшысына 1 тармағына 33 бабына, 37 бабына сәйкес азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, алынған мамандығының жалпы білімдік деңгейін және дене дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Осы жылы он жеті жасқа толған еркек жынысты азаматтарды мына мекен-жайда: Шортанды кенті, Безымянный қиылысы, 1 орналасқан «Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» (әрі қарай - Шортанды ауданының ҚІБ) мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - ММ) шақыру учаскесіне тіркеу 2009 жылғы қаңтар-наурызда ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Ауылдық, селолық округтер және Жолымбет, Научный, Шортанды кенттері әкімдеріне, аудан ұйымдарының басшыларына:
1) «Шортанды ауданының ҚІБ» ММ әскер жасына дейінгілердің сандық құрамын растайтын құжаттарды ұсынсын;
2) «Шортанды ауданының ҚІБ» ММ шақыру учаскесіне азаматтардың уақытында келуін қамтамасыз етсін;
3) шақыру алдындағыларды есепке қоюымен байланысты міндеттерін орындау үшін азаматтарды қажетті уақытта, жұмыс орны мен лауазымын сақтауымен, жұмыстан (оқудан) босатсын.
3. «Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің жанындағы Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы (келісімі бойынша)
1) тіркеуден жалтарушы тұлғаларды іздеуді және ұстауды жүргізсін.
4. Шортанды ауданының «Қаржы бөлімі» ММ шақыруды жүргізуді қаржыландыруды 2009 жылға көзделген жергілікті бюджет көлемінде қамтамасыз етсін.
5. Шортанды ауданы әкімінің 2008 жылдың 20 ақпанындағы № 3 «1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуін ұйымдастыруы және қамтамасыз ету туралы» шешімі күшін жойған деп танылсын (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу аймақтық Тiзiлiмiнде 2008 жылғы 21 ақпанындағы № 1-18-46 тіркелген, аудандық «Вести» 2008 жылғы 01 наурызындағы № 9, «Өрлеу» 2008 жылғы 01 наурызындағы № 9 санында газеттерінде жариаланған).
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.П.Игнатовқа жүктелсін.
7. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының
әкімі С.Қамзебаев
КЕЛІСІЛДІ:
«Шортанды ауданының қорғаныс
істері жөніндегі
бөлімі» ММ
бастығы Е.Асылбеков
Шортанды ауданының
«Қаржы бөлімі» ММ
бастығы Л.Жевлакова
Ақмола облыстық ішкі істер
департаментінің жанындағы
Шортанды ауданының ішкі
істер бөлімі» ММ
бастығы Е.Жүсіпов
Шортанды ауданының
«Білім беру бөлімі» ММ
бастығы Г.Мұқашева