Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімиятінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 163 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 18 мамырдағы N 3-3-78 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімиятының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімиятының 2010.01.06 N 7 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 543 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18, 19, 20, 23, 44 баптарына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған әскери қызметке шақырылуын кеінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейінге қалдыру құқығынан айрылған ересек жастағы азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 5 тармағы негізінде төмендегі құрамда шақыру комиссиясы құрылсын:
      Сәбетов Бауыржан Сапарғалиұлы - Алға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
      Досымов Бауыржан Әбдіғалиұлы - Алға ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру-кадрлар және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас
маманы, заңгер
      Комиссия мүшелері:
      Жақыпов Бақыт Темирбайұлы- Алға аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
      Каликова Нұржамал Татархановна - Алға аудандық орталық ауруханасының дәрігер терапевт
      Бисембаева Гүльнар Маулимханова - Алға аудандық орталық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2009.11.10 N 404 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармағынан қараңыз) қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған Заңының 18-бабына сәйкес селолық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындардың басшылары, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің талабы бойынша, әскер қатарына шақырылғандарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыруымен хабардар етіп және шақырылушыларды жұмыстан, оқудан босатып және іс-сапарлардан кері шақырып алуды ұйымдастырып, олардың шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      4. «Алға аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорынынан (С.Тәженов) шақыру комиссия өтер кезеңінде, шақырылушыларды медициналық куәландыру дайындығы үшін № 1 қосымшаға сәйкес жоғарғы жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігерлерді бөлуі сұралсын.
      1) Маман дәрігерлерді орта медициналық қызметкерлер құрамымен қамтамасыз ету;
      2) Шақыру мерзімі кезінде (2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында) емдеу мекемелері үш күн ішінде стационарлық емдеудегі шақыру жасына жеткен азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлап тұруды қамтамасыз ету сұралсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Н.Урисбаев) Қазақстан Республикасының аталған Заңының 18-бабының талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының аталған Заңының 44 бабына сәйкес шақыру комиссия мүшелерінің медициналық, техникалық қызметкерлердің және шақыру учаскесіне жұмыс істеуге бөлінген қызмет көрсету құрамының жұмыс орны және орташа жалақасы сақталсын.
      7. «Аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Т.Төлегенов) Қазақстан Республикасының аталған Заңының 44-бабына сәйкес азаматтардың әскери қызметке шақырылуына байланысты шығындарды жергілікті бюджетте қаралған қаржы мөлшерінде қаражат бөлу жүктелсін.
      8. Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Б.Сәбетов 2009 жылдың 20 маусымына және 25 желтоқсанына дейін аталған қаулының орындалғаны жөніндегі Алға ауданының әкіміне және Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне ақпарат тапсырсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.С.Ағниязовқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы ресми жарияланғаннан он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Алға ауданының әкімі               М.Тағымов

Алға ауданы
әкімдігінің 2009 жылғы
29 сәуірдегі № 163 қаулысына
№ 1 қосымша

      Тіркеу комиссиясы кезінде әскер қатарына шақырылатындарды медициналық куәгерлендіруге бөлінетін маман-дәрігерлер мен орта медициналық құрамының тізімі:
      1. Дәрігер-хирург М.Шакиров
      2. Дәрігер-терапевт Р.Оразова
      3. Дәрігер-отаринголог К.Хасанов
      4. Дәрігер-психиатр Ф. Исмаилова
      5. Дәрігер-стоматолог Ә.Қоразова
      6. Дәрігер-дерматолог Р.Зайнуллин
      7. Көз дәрігері К.Мұратбаев
      8. Дәрігер-рентгенолог А.Есенғалиев
      9. Медбике Т.Абдрахова
      10. Медбике Н. Кушекбаева
      11. Лаборант К.Әбіляшева
      12. Лаборант Б.Игельманова
      13. ЭКГ кабинеті С.Нұрпаева
      Тіркеу комиссиясы кезінде азаматтарды куәгерлендіруге қажеттіқұрал-жабдықтардың, медициналық шаруашылық мүлектердің тізімі Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің № 100-2005 жылғы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің № 117-2005ж. бірлескен бұйрығына сәйкес бөлінсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады