Алға ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 51 "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 1 қыркүйекте № 333 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 23 қыркүйекте № 3-3-87 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 05-1/419 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013.02.22 № 05-1/419 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 4-тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау мақсатында Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.(Нормативтік - құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 13 ақпан № 3-3-71 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпандағы «Жұлдыз-Звезда» газетінде (№ 8-9 санында жарияланған) Алға ауданы 2009 жылғы 2 ақпандағы № 51 «Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Нормативтік - құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 21 мамырында № 3-3-81 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 мамырында «Жұлдыз-Звезда» газетінде (№ 23-24 санында жарияланған) Алға ауданы 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 155 қаулысымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып) қаулысына төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      3-тармақтағы «Әлеуметтік жұмыс орындарда қамтамасыз етілгендердің еңбекақысы айына 30 000 теңге көлемінде құралады, соның ішінде 15 000 теңге Жол картасын іске асыру бойынша бөлінген бюджет қаражаты есебінен, 15 000 теңге жұмыс берушілердің қаражаты есебінен» деген сөздер «Жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыру кезінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысының көлемі олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленсін. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысы шығындарын жұмыс берушілерге 15000 теңгеден аспайтын мөлшерде ішінара өтеу жүргізілсін» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Аққағазовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                           М.Тағымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады