«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 31-бабына, сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 218 қаулысы және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қазандағы № 191 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1.
«Аманкөл селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 255/61 бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 3-5-87 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпандағы «Ырғыз» газетінде № 5 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы 1-қосымша алынып тасталсын.
2.
Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: |
М. Дуанбеков |
Аудандық мәслихат сессиясының |
Б. Балдан |