Ескерту. Қолдану мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.05.04 № 03-14/68 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3, 387 баптарына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 137 "Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық–эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" бұйрығын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 139 "Қарғалы ауданының аумағын абаттандыру Ережесі туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы ауданының аумағын абаттандыру Ережесі бекітілсін.
2. Селолық округ әкімдеріне, мекеме басшыларына Қарғалы ауданының аумағын абаттандыру Ережесін басшылыққа алу ұсынылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми түрде жарияланған күннен кейінгі күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының | Аудандық мәслихаттың |
төрағасы: хатшысы:
Ж.Көлжанов | Ж.Құлманов |
Қарғалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 150 шешімімне қосымша |
Қарғалы ауданы аумағын көркейту
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Қарғалы ауданы аумағын көркейту Қағидасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 3, 387 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 137 "Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес құрылды.
Қағида Қарғалы ауданының көркейту, санитарлық тазалау, аумақты жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету, күтіп ұстау және қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттейді.
Қарғалы ауданының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметті үйлестіру мен ұйымдастыруды аудан әкімдігінің лауазымды тұлғалары, басқарудың уәкілетті органдары, мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындар, баланста ұстаушылар, жер учаскелерінің иелері мен жалгерлер жүргізеді.
2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтаулар
2. Ауданды көріктендіру - шағын сәулет формаларын көркейту нысандарын салу мен жөндеу, аумақты тиісті санитарлық жағдайда ұстау, жарықтандыру, көгалдандыру, сыртқы жарнама, аудан елді мекендерінің сыртқы келбетін құру бойынша жұмыстарды қамтитын, аудан аумағында тұрғындардың өмірі мен бос уақытына игі, салауатты және мәдени жағдай жасауға бағытталған жұмыстар мен іс-шаралар кешені.
3. Елді мекендер инфрақұрылымы - адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдай жасайтын аудан аумағында орналасқан түрлі мақсаттағы нысандардың, коммуникация, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы.
4. Қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару шарты - тапсырыс беруші мен жеке кәсіпкер арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару жөнінде жасалған заңды күші бар жазбаша келісім.
5. Бекітілген аумақ - осы Қағидамен тазарту және күтіп ұстау үшін бекітілген жер телімі.
Елді мекендер шегінде бекітілген нысандар болып:
1) жетілдірілген төсемдері бар көшелер үшін елді мекендер көшелері жағындағы, өтпе жолдың шетімен шектелген, елді мекен көшелері жағындағы немесе жетілдірілмеген төсемдері бар көшелер үшін өтпе жолдың ортасына дейінгі аумақ;
2) ораміші аумақтарының учаскелері;
3) аулаішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік аялдамаларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекарасы пайдаланылатын аумақ шекарасы бойынша үйлесімді түрде немесе тараптардың келісімімен анықталады) жерлер, уәкілетті органдардың рұқсатымен, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға, уақытша пайдаланылатын аумақ, іргелес жатқан аумақ, жер үсті жылу желілерінің қорғалатын аумақтары табылады.
6. Елді мекен-құрылыс салынған аумақ. Бекітілген аумақтың субъектілері болып жеке тұлғамен қатар заңды тұлға да бола алады:
1) пәтер иелері кооперативтері (одан әрі - ПИК), кондоминиум басшылары үй басқарушылары, ғимараттар мен имараттардың иелері;
2) жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
7. Ғимарат - көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін құрайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
8. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, ПИК-тер және басқалар) аудан елді мекендері шегінде жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
9. Жалпы пайдаланылатын жерлер - жеке меншікке берілмейтін жерлер (скверлер, саябақтар, жолдар, жүргінші жолдары және тағы басқа).
10. Көшелердің санаттары - жолдардың, көшелердің және кіру жолдарының көлік қозғалысының үдемелілігі мен олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктеріне байланысты жіктелуі.
11. Қоқыс жәшігі - қатты тұрмыстық қалдық жинауға арналған арнайы ыдыс.
12. Ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
13. Шағын сәулеттік нысандар - көлемі жағынан шағын, әсемдік әрі іске жарамды сипаттағы нысандар:
1) сәндік құрылғылар - мүсіндер, су бұрқақтар мен әсемдік су тоғандары, стеллалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
2) іске жарамды құрылғылар - орындықтар, павильондар, дүңгіршіктер, сауда арбалары, аттракциондар,орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көше атаулары, үй номерлері жазылған тақтайшалар, бағаналар, көше шамдары және басқалар.
14. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, скверлер), алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.
15. Жөн-жосықсыз төгілген қоқыс үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі барысында пайда болған қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз) шығару (орналастыру) немесе жинау.
16. Бөлінген аумақ - жерді пайдаланушының (кәсіпорынның, мекеменің, жеке тұлғаның және т.б.) иелігіне берілген немесе уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған құқықтық шешімдеріне сәйкес өзіне жататын нысандарды орналастыру үшін пайдалануға берілген жер учаскесі.
17. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (бұдан әрі - қалдықтар) - өндіру немесе тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
18. Аумақты тазарту - елді мекендердегі халықтың өмір сүру барысында пайда болған қалдықтарды (қоқыстарды) жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын мақсаттағы шаралар жиынтығы
19. Іргелес жатқан аумақ - жеке меншіктегі, иеліктегі, жалға алып пайдаланудағы ғимараттар, имараттар, қоршаулар, құрылыс алаңдары, сауда, жарнама және пайдалануындағы басқа да нысандар шекараларына жанасып жатқан, санитарлық нормалармен анықталған аумақ.
20. Жүру бөлігі, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және өзге де нысандарға көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол бөлігі.
21. Қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықты жәшіктерінен арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс жәшіктерін, алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан жою орнына тасымалдау.
22. Жолдарды күтіп ұстау - көлік жолдарын пайдалану тәртібіне сай жолдар мен жол құрылғыларының көліктік-пайдалану жағдайы сақталатын жұмыстар жиынтығы.
23. Имарат - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (орын алмастыруына), сондай-ақ құрылғыларды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, табиғи немесе жасанды шектелу аумағы бар көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты) жасанды құрылыс. Имарат сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
24. Жүргінші жолдары - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға іргелес жатқан немесе одан көгалмен бөлініп жатқан жолдың бөлігі.
3. Аудан елді мекендерінің аумағын тазарту тәртібі
25. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Қағида негізінде орындалады:
Көше-жол желілері, алаңдарға, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер) бойынша - қызметті үйлестіру мен ұйымдастыруды басқарудың уәкілетті органдары, мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындар, баланста ұстаушылар, жер учаскелерінің иелері мен жалгерлер жүргізеді.
26. Тазарту жұмыстары осы Қағиданың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
27. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарына келесі жұмыс түрлері жатады:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
3.1. Көшенің жүру бөлігін тазарту
28. Көшенің жүру бөлігін, оның барлық ені бойынша, алаңдарды, көшелерді және қалалық көше желілерін, көлік қою қалталарын, тоқтау және бұрылу алаңдарын, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын басқарудың уәкілетті органдары, мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындар, баланста ұстаушылар, жер учаскелерінің иелері мен жалгерлер жүргізеді.
29. Жолдың жүру бөлігі қандай да болмасын ластанудан, ал жол жиектері ірі көлемді қалдықтан мен басқа да қалдықтардан толығымен тазартылады.
3.2. Жүргінші жолдарын тазарту
30. Көше мен жүру бөлігіне іргелес жатқан немесе жол жағынан көгалмен бөлінген және тұрғын үй ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету нысандарынан, сондай-ақ жағалаудағы қоршаулардан шығатын жол жоқ жүргінші жолдарын тазалауды басқарудың уәкілетті органдары, мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындар, баланста ұстаушылар, жер учаскелерінің иелері мен жалгерлер жүргізеді.
31. Көпірлерде, жол желілерінде орналасқан жүргінші жолдарын, сондай-ақ инженерлік имараттар мен баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жүргінші жолдарды тазарту аталмыш инженерлік имараттардың иелері болып табылатын кәсіпорындармен жүргізіледі.
32. Көшелер мен жүру бөлігі бойына орналасқан басқа жүргінші жолдары бойынша тазарту жұмыстарды басқарудың уәкілетті органдары, мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындар, баланста ұстаушылар, жер учаскелерінің иелері мен жалгерлер жүргізеді.
33. Жүргінші жолдары толығымен топырақ-құм шайындыларынан, әртүрлі қоқыстан тазартылады.
3.3. Елді мекендердің өзге де аумақтарын тазарту
34. Санитарлық нормаларға сәйкес жақын жатқан аумақтарды, оларға көшеден кіре берістерді тазарту және таза күйінде ұстауды бөлінген аумақта меншігінде ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар жүргізеді.
35. Жүргінші жолдарында орналасқан сыртқы жарықтандыру және байланыс желісі бағаналары мен діңгектері аумағын тазарту жұмыстарын меншігіне және пайдалануында ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар жүргізеді.
36. Трансформаторларға немесе тоқ бөлгіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік имараттарға (қызмет көрсетушілері жоқ), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақты тазарту жұмыстарын осы нысандардың иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстары осы желілердің иелерімен жүргізіледі.
37. Сауда нысандарына (базарлар, сауда павильондары, тез құрылатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршіктер және т.б.) іргелес жатқан аумақтағы уақытша көше саудасы орындарын көшенің жүру бөлігіне дейін тазалауды сауда нысанының иелері жүргізеді. Іргелес жатқан көгалдарда, сауда шатырларының, дүңгіршектердің, басқа да сауда нысандарының үстінде жәшіктерді, ыдыстарды жинауға жол берілмейді.
38. Ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырыс берушілер немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
39. Пайдаланылмайтын және игерілмейтін аумақтарды, сондай-ақ ғимараттарға, имараттарға және басқа да нысандарға іргелес жатқан, бірақ заңды және жеке тұлғаларға бекітілмеген аумақтарды тазалау және күтіп ұстау басқарудың уәкілетті органдары, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындар жүргізеді.
40. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға жауапкершілік бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.
41. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі төсеніштің сынықтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен: -бір тәулік мерзімде шығарылады.
42. Суаққы желісінің бітелуін болдырмау үшін суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.Суақты коллекторларын тазартуды бөлінген аумақта меншігінде ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар жүргізеді.
3.4. Күзгі-қысқы мезгілдегі елді мекендер аумақтарын тазартудың
ерекшеліктері
43. Күзгі-қысқы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 қазан мен 15 сәуір аралығында белгіленеді.
44. Саябақтардағы, скверлердегі және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, жасыл желектердің сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңдарда үюге рұқсат етіледі.
45. Қысқы мезгілде жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары және басқа да элементтер мен шағын сәулет формалары, сондай-ақ олардың араларындағы және жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылады.
46. Жолдың жүргінші жолдары мен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұздақтар осы желілердің иелері болып табылатын кәсіпорындармен бөлшектенеді және тазартылады. Бөлшектенген мұздақтар белгіленген орындарға шығарылады.
47. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған және бекітілген жерлерге жүргізіледі. Қар ерігеннен кейін бұл аумақтағы қоқыс кәсіпорындар, ұйымдар, коммерцииялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке сектордағы үйлердің иелері, жеке пәтерлер кооперативтерімен және т.б. тазартылады.
48. Жүргінші жолдар мен көпірге шығатын жерлер жаңа түскен қардың бетінен бастап қатты қарға дейін (қар мен мұздақ) барлық ені бойынша тазартылады, үздіксіз қар жауу кезінде тайғанаққа қарсы материалдармен себіледі.
49. Аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан мүмкіндігінше асфальтты төсенішке дейін тазартылады. Мұздақ (тайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құм себу жүргізіледі.
50. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға жинауға рұқсат етіледі.
51. Аула ішінде қарды жинаған кезде, судың жылғалармен ағып кетуі алдын-ала қарастырылады.
52. Қысқы мезгілде ғимарат иелері және жалға алушылар шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден уақытында тазарту жұмыстарын ұйымдастырылады. Бұл жұмыстар кезінде жүргіншілер жолдары аймағы қоршауға алынады. Көше жаққа бағытталған шатырлардан қар мен мұздақтарды жүргінші жолдарына лақтыру тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа бағыттарынан және жазық шатырлардан қар түсіру аулаішілік аумақта жүргізіледі. Қарды түсіру алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жасалады. Шатырлардан түскен қарлар мен сүңгілер жедел түрде жол жиегіне қарай жиналады және одан әрі көшені тазартушы кәсіпорын, ұйым, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке сектордағы үйлердің иелері, жеке меншік кооперативтерінің және т.б.алып кетуі үшін дайындалады.
53. Суаққы құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
3.5. Көктемгі-жазғы мезгілде елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері
54. Көктемгі-жазғы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 сәуір мен 15 қазан аралығында белгіленеді.
Көктемгі-жазғы тазарту алаңдарды, жүргінші жолдарын, көшенің жүру бөлігін жуу, су шашу және сыпыруды қарастырады.
55. Тазарту кезінде жолдың жүру бөлігі, жүргінші жолдары, жол жиектері қандай да болмасын ластан, түрлі ұсақ қоқыстан, топырақтан және ірі қоқыстан толығымен тазартылады.
56. Аула аумағын, аулаішілік өту жолдарын мен жүргінші жолдарын ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазарту, шаңын сыпыру және жуу осы аумақтардағы ғимараттары бар меншік иелерімен жүргізіледі.
4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
57. Заңды және жеке тұлғалар жақын жатқан аумақты, жүргінші жолын, көгалдарды, жолжиектерді санитарлық нормаларға сәйкес тазалайды, тазалық және тәртіпті үнемі қамтамасыз етеді. Тазарту жұмыстарының жүргізілуіне орай жиналған қоқысты арнайы кәсіпорынның көмегімен шығарады
58. Аумақтық комитеттер, ПИК төрағалары, кондоминиум басшылары, ғимараттар мен имараттар иелері орамішілік және аула аумақтарын, көшенің жүру бөлігін, жүргінші жолдарын, балалар алаңдарын және шағын сәулет нысандарын тазалуды ұйымдастырады.
59. Жеке меншік тұрғын үй секторларында тұратын азаматтар өз беттерінше жақын жатқан аумақты тазалауды ұйымдастырады.
60. Күрделі және уақытша нысандардың иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды өз беттерінше тазалайды.
61. Санитарлық нормаларға сәйкес аудан аумағын, сондай-ақ заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, жәшіктер мен ыдыстарды, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды лақтыруға, қоқыстарды жағуға, от жағуға жол берілмейді.
62.Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдар ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су айдайтын ұңғылар, адамдардың демалу орындарында, тұрғын үйлердің шығу есіктерінің алдында жууға, тазартуға және жөндеуге жол берілмейді.
63. Топырақ, төгілмелі құрылыс материалдары және қоқысты тасымалдау кезінде жолдардың бүлінуіне жол бермейтін шаралар жүргізіліледі. Төгілмелі материалдарды және қоқысты бұл мақсатқа арналмаған көлікпен тасымалдауға жол берілмейді.
64. Жолдың жүру бөлігіне қоқыс және қозғалысқа кедергі келтіретін және жол жиегін қоқыстандыратын заттар тастауға жол берілмейді.
65. Ортақ пайдалану орындарында, үйдің баспалдақты шығунда үй жануарларын серуендету кезінде пайда болған қоқыс жануар иелерімен тез арада тазартылады.
5. Аудан елді мекендерінің аумақтарындағы қалдықтарды жинау,
уақытша сақтау, шығару және жою
66. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемді қалдықтарды (құрылыс материалдары, қалдықтар) арнайы бекітілген жерге шығаруды келісімшарт негізінде жеке кәсіпкер жүргізеді. Тұрғын үйлер қорынан шыққан қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемді қалдықтарды шығаруға келісімшартты кондоминиум басшылары, жеке тұрғын үй иелері жасайды.
67. Тұрғын үйлердің аумағында санитарлық нормаларға сәйкес қоқыс жәшіктерін орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар арнайы алаңдар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған қоқыс жәшіктері қолданылады.
68. Сауда ұйымдарының ыдыстары уақытша жинауды арнайы бөлмеде, болмаған жағдайда осы мақсатқа арнайы бөлінген аула алаңдарында жүргізіледі. Бұл алаңдар сым қоршаулармен қоршалады.
69. Заңды және жеке тұлғаларға көшелер мен алаңдарда, саябақтар мен скверлерде, басқа да қоғамдық орындарда қоқыс тастауға, қоқыс және тұрмыстық қалдықтар салынған ыдыстарды көшелерге шығаруға, елді-мекендерде, сондай-ақ қоқыс жәшіктерінде қалдықтарды жағуға, жерге көмуге, бей-берекет қоқыс үйінділерін жасауға, қоқыс жәшіктері алаңдарын ластауға, қоқыс жәшіктері мен оған жақын аумаққа қатты тұрмыстық қалдыққа жатпайтын қоқыстарды жинауға жол берілмейді.
70. Кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке кәсіпкерлерге тұрғын үйлер тұрғындарына арналған қоқыс жәшіктерін қоқыс шығаратын жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасамай пайдалануға рұқсат етілмейді.
71. Қатты тұрмыстық қалдықты шығару қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз тұрғын үйлерден бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.
72. Аумағында (бөлініп берілген, бекітілген, аулаішілік) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар бар заңды тұлғалар мына талаптарды орындауы қажет:
1) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар, оларға баратын жолдарға қатты жамылғылар төсеу;
2) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстар шашылмау үшін бүтін қоршаумен қоршалады;
3) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар мен оған іргелес жатқан аумақтың тиісті санитарлық тазалығын қамтамасыз ету;
4) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығаруға, уақытында келісім-шарт жасау, смета;
5) жылдың қыс мезгілінде қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдарды арнайы автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз ету;
6) қоқыс жәшіктерін уақытында жөндеу және одан әрі пайдалануға келмейтіндерін ауыстыру;
7) қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңдарды және қоқыс жәшіктерінің астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылуын, залалсыздандырылуын және шыбын-шіркейге қарсы шаралардың қолданылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау.
73. Қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру бойынша алаңдар мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органы, пәтер иелері кооперативтері және коммуналдық қызметтермен келісіледі.
74. Қоқыс жәшіктерінен қоқысты көлікке тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
75. Қоқыстарды жою ауданның елді мекендеріндегі қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында жүргізіледі.
76. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру және күтіп ұстау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
77. Жөн-жосықсыз үйінділердің жиналуына, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жөн-жосықсыз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жосықсыз үйінділер орнындағы қалдықтарды жою мен қалпына келтіру осы аумақ иелерінің және жалға алушылардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
78. Автостанцияларда, базарларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда және басқа нысандарға кіре берістерде қоқыс қораптары орнатылуы керек. Сауда нысандарына кіре берістерде екі қораптан орнатылады.
79. Қоқыс қораптарын орнату, тазалау және қызмет көрсету иеліктерінде құрылыстар мен жақын жатқан аумағы бар жеке және заңды тұлғалармен жүргізіледі. Қораптарды тазарту олардың толуына қарай орындалады. Күніне бір рет жуылады. Жылына кем дегенде екі рет залалсыздандырылып, сырланады.
80. Жолаушылар көліктері аялдамасында орналасқан қораптарды аялдамаларды жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, ал сауда нысандарында орнатылған қораптарды сауда ұйымдары тазартып, залалсыздандырады.
6. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау
81. Тұрғын үй құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, скверлер, көшелер, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен - демалу орындықтарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, қоқыс қораптарымен, су бұрқақтарымен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен, телефон қорапшаларымен, автокөлік күтуге арналған павильондармен жабдықталады.
82. Шағын сәулет нысандары жылжымалы және тез жиналмалы болуы мүмкін, олардың саны мен орналасуы аумақтарды көркейту жобаларымен анықталады.
83. Қоғамдық құрылыс аумағында, алаңдарға, көшелерге, скверлер мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.
84. Жаңа құрылыс салу кезінде құрылыс жүргізіліп жатқан учаске шегінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстары тапсырыс берушімен бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
85. Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешімдері олардың орнықтылығын, қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
86. Шағын сәулет нысандарының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізеді. Шағын сәулет нысандарын жөндеу және бояу көктемгі-жазғы мезгілдерде жүргізіледі.
87. Сыртқы көріктендіру элементтерінің (қоршау, электр бағаналары, жиектастар және тағы басқа) бұзылуы болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат болған жағдайда Қарғалы ауданы жол полициясының бөлімі ақпаратты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жол-көлік оқиғасына кінәлі есебінен мүлікті қалпына келтіруге тиісті шаралар алу үшін жол-көлік оқиғасы болған сәттен бастап бір апта ішінде хабарлайды (келісім бойынша).
7. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау
88. Құрылыс алаңы барлық аумағы бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермеу және іргелес жатқан аумақтарға қоқыстың шығуын болдырмау мақсатында қоршаумен қоршалады;
1) адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршау жаппай қорғау қалқанымен жабдықталады;
2) қоршау металдан жасалған материалдардан немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалады;
3) құрылыс алаңынан екінші дәрежелі көшелерге шығуға арналған аз мөлшерлі қақпа немесе шлагбаум орнатылған шығу жолдары қарастырылады;
4) шығу жолдарында ақпараттық қалқандар орнатылады.
89. Құрылыс алаңы аумағын тазалықта және тәртіпте ұстау қажет. Құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды жинау үшін қоқыс жәшіктері орнатылып, уақытылы шығарылуы ұйымдастырылады:
1) құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақ та ұқыпты түрде күтіліп, мезгіл сайын жинастырылуы тиіс;
2) құрылыс алаңының сыртына құрылыс материалдарының, қоқыстың (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, жаңқалар, орауға арналған материалдар және тағы да басқалары) шығуына жол бермейтін (желмен) шаралар көзделеді;
3) нысандардың жоғарғы қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға тиым салынады;
4) қажеттілік туындаған кезде жүргінші жолдарын, төсеніштер, таяныштар, айналма және уақытша жолдар жабдықтау және олардың ұқыпты түрде ұстау қамтамасыз етіледі.
90. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана орналастырылады, қазып алынған топырақ (аумақты көркейтуге қажетті құнарлы топырақты есептемегенде), қирандылар қалдығы, қоқыс қатты тұрмыстық қалдық полигонына және коммуналдық шаруашылықтың уәкілетті органының келісімімен басқа учаскелерге тез арада шығарылады.
91. Тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын, қар мен мұзды тиісті полигондарға уақытында шығаруды ұйымдастыру үшін құрылыс жүргізуші осы жұмыстар түріне лицензиясы бар жеке кәсіпорынмен келісім шартқа отырады.
92. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс жүргізуші құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған бөліктерін, сондай-ақ жүруге, жүргіншілердің өтуіне уақытша пайдаланылған аумақты, құрылыс материалдарын уақытша сақтауға арналған ғимараттарды, инженерлік желілер жүргізілген учаскелерді және басқа қажеттіліктерге пайдаланылған аумақтарды қалпына келтіреді.
93. Құрылыс жұмыстары кезінде жұлынған, кесілген жасыл желектер құрылыс жүргізушінің есебінен қалпына келтіріледі.
Бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес жасыл желектер отырғызу келтірілген шығынды қалпына келтіру болып саналмайды.
8. Аудан аумағындағы жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, гүлзарлардың және басқа да нысандардың, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу, инженерлік желілерді, имараттарды және коммуникацияны күтіп ұстау тәртібі
94. Жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, көгалдардың және басқа елді мекендердің аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстары мен басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар Қарғалы ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталған, тиісті аудандық қызметтерден жұмыстарды жүргізуге рұқсат алады. Жұмыстар жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, гүлзар иен басқа нысандар, елді мекендердің шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстары және басқа да жұмыстар жүргізу тәртібі талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тоқтап тұрған құрылыс нысанын (ұзақ салынып жатқан) күтіп ұстау жауапкершілігі баланс ұстаушыға (тапсырыс берушіге - құрылыс жүргізушіге) жүктеледі.
95. Жерді қазу жұмыстары басталғанға дейін келісілген сызбаға сәйкес жол белгілерін орнатылады, жұмыс жүргізілетін жер қоршалады, қоршауға жұмыс жүргізетін ұйымның атауы мен телефондары жазылған қалқан ілінеді. Қоршау жұмыс жүргізу кезінде жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге бөгет болмауы, түнгі уақытта қызыл белгі беру шамдарымен белгіленуі қажет. Қоршау үздіксіз болуы және бөгде адамдардың құрылыс алаңына кіруінен сақтауы тиіс. Қазылған жерлермен жаяу жүргіншілердің жаппай өтетін жерлерінде өткелдер салынуы тиіс.
96. Қазу жұмыстарын жүргізген ұйым жол бөлігінің барлық ені немесе жүргінші жолының қазылған жерлерінде бұзылған екпе шөптер, жасыл желектер, асфальт жамылғысын қалпына келтіреді.
97. Жұмыстар аяқталып, орлар көмілгеннен кейін асфальтты-бетонды жамылғы жұмыстар дереу қалпына қалпына келтіріледі.
98. Құрылыс, жөндеу, коммуникацияны қайта қалпына келтіру кезінде мерзімі өтіп кеткен рұқсат қағазбен жұмыс істеу жер қазу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізу болып есептеледі.
99. Көшенің жүру бөлігі мен жүргінші жолдарында орналасқан құдықтардың қақпақтары бүлінген немесе жойылған жағдайда дереу қоршалады және жерасты коммуникациялар желісіне жауапты кәсіпорын тарапынан бір күн ішінде қалпына келтіріледі.
9. Тұрғын үйлер, жеке үй құрылысы учаскелерін көркейту
100. Тұрғын үйлердің санитарлық және архитектуралық нормаларына сәйкес қоқыс жәшіктері алаңдарымен, кір жаятын, дем алатын, балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендететін, автотұрақ, көлік қою алаңдарымен, жасыл желек аймағымен жабдықталады.
101. Тұрғын үй аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіптерді сақтау қажет:
1) көтермелердің, жүргіншілер жолдарының, орамішілік кіру-шығу жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстау;
2) аулаларда әр түрлі шаруашылық және қосымша құрылыстарға өз беттерінше салуға жол бермеу (сарайлар, гараждар және т.б.);
3) аулаішілік аумақты құрылыс материалдарымен жабуға жол бермеу;
4) шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңдарының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтау.
102. Тұрғын үй, әкімшілік, өндірістік және қоғамдық ғимараттар түнгі уақытта жарықтандыратын үй белгілерімен, ал тұрғын үйлер подъездтер мен пәтерлер номерлері көрсеткіштермен жабдықталады. Үй белгілерін таза және жақсы жағдайда ұстау керек.
103. Меншік иелері, жеке құрылыс учаске иелері аумақты көріктендіру жобасы мен бас жоспарға сәйкес көріктендіруді, қасбет (көше жағы) қоршауларын күтіп ұстайды, көгалдандыруды, қоқыс жиналуына, құрылыс және басқа материалдардың ұзақ уақыт жиналып тұруына жол бермеуді, үй (учаске) номері көрсеткішін, сондай-ақ аудандық ақпарат (аншлаг) белгілерін таза ұстауды жүзеге асырады.
104. Жасыл желектерді суару таңғы мезгілде сағат 8-9.00-ден кешіктірілмей және кешкі мезгілде 18-19.00-ден кейін жүргізіледі.
105. Кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы, сондай-ақ оларға бекітілген учаскелердегі жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстауды сол кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың өздері жүргізеді.
106. Орамішілік жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау жерді пайдалану аумағындағы тұрғын үй қорының иелеріне жүктеледі.
107. Заңды және жеке тұлғалар бекітілген аумақтарда ағаштарды, бұтақтарды, гүлзарларды суару жұмыстарын қамтитын агротехникалық шаралар жүргізу тиіс.
108. Заңды және жеке тұлғалар жасыл желектер отырғызылған аумақтардың тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен, ағынды сулармен ластануына, көгалдар мен жасыл желектер түптерінде қи, күл,балшық, қар, өзге де тұрмыстық қалдықтардың жиналуына жол бермеуі тиіс.
109. Жасыл желектер алаңдарында:
1) көгалдарда жүруге және жатуға,
2) ағаштарды, бұтақтарды, сындыруға, жапырақтар мен гүлдерді жұлуға;
3) шатырлар тігуге және от жағуға;
4) көгалдарды, гүлзарларды, жолдар мен су тоғандарын ластауға;
5) ескерткіштерді, орындықтарды, қоршауларды қиратуға;
6) жазулар жазуға, ағаштарға хабарландырулар, номерлік белгілер, кез-келген көрсеткіштер, әткеншектер, жіптер ілуге, бұтақтарда жуылған киімдерді кептіруге;
7) көгалдар мен басқа да жасыл желектер орналасқан учаскелерде велосипедпен, мотоциклмен және автомашинамен жүруге, көлік құралдарының аялдамасын жасауға;
8) көлік құралдарын тазалауға, кір жууға, сонымен қатар жасыл желектер аумағындағы су тоғандарында малды шомылдыруға;
9) көгалдарда көлік құралдарымен тұруға;
10) мал бағуға;
11) арнайы бөлінген жерлерден басқа жерлерде мұз айдындары мен қардан жасалған сырғанақтар жасауға;
12) жасыл желектердің зақымдануын қамтамасыз ететін қоршаусыз құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
13) жасыл желек аумағында құрылыс материалдарын жинап қоюға, сонымен қатар жасыл желектерге зиян келтіретін зиянкестердің тарауына жол беретін материалдар қоймасын орналастыруға;
14) қоқыс, қар және мұз үйінділерін жасауға;
15) ағаштар мен бұталардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпей ғимараттардың шатырынан қар лақтыруға;
16) елді мекендердің ортақ пайдалану аумағында жапырақтар мен қоқыс жағуға тыйым салынады.
110. Жеке үй құрылысы аймағында бағалы тұқымды ағаштар мен бұталардан өзге ағаштарды ығыстыру жер учаскелерінің иелері тарапынан өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.
10. Апатты жұмыстарды жүргізу
111. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғуы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын қысқа мерзімде қалпына келтіру шұғыл шараларды қабылдауды талап етеді.
112. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын қабылдайды. Бұл жағдайда мыналар: адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүсті ғимараттардың, инфрақұрылым нысандарының, жасыл желектердің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.
113. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, Қарғалы аудандық ішкі істер бөліміне, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және басқа да мүдделі қызметтерге (келісім бойынша) хабарлайды.
114. Апат аймағында жерасты немесе жерүсті коммуникациялары бар заңды немесе жеке тұлғалар апат болғандығы туралы ақпаратты алғаннан кейін апат орнына осы жерде орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі үшін өздерінің сызбаларымен бірге өкілдерін жіберулері қажет.
115. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушылар, апат жұмыстары басшысының бірінші талабы бойынша учаскені босатады.
116. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, аудандық жол полициясы бөлімі жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің иелерімен (келісім бойынша) бірге апатты жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
117. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады.
118. Бұзылған жол төсеніштері мен басқа да көріктендіру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары инженерлік желілер иесі болып табылатын кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.
11. Ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін күтіп ұстау
119. Балансында ғимараттары мен имараттар бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен имараттардың иелері аталған нысандардың және олардың жекелеген элементтеріне (балкон, лоджий, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғырту, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерінде орнатылған ақпаратты тақтайшалардың, ескерткіш тақталарын және тағы басқаларын таза және қалыпты жағдайда ұстайды.
120. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және имараттары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізеді.
121. Егер заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында кейбір тұрғылықсыз жайлар немесе тұрғылықты ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттардың қасбетіне немесе құрылғылардың бетіне жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражаттарды біріктірулеріне болады.
122. Ғимараттарды, имараттарды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.
123. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын, ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары қорғау міндеттемелеріне сәйкес аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің келісімімен орындалады.
12. Сыртқы жарықты күтіп ұстау
124. Ауданның елді мекендерінің аумағын жарықтандыру аумақ иелерімен шарт бойынша электрмен жабдықтаушы ұйымдар және кәсіпорындармен жүргізіледі. Сыртқы жарықтандыру элементтерін пайдалану мен күтіп ұстау меншік иелерінің өз қаржысы есебінен жүргізіледі.
125. Көше шамдарын, басқа да сыртқы жарықтандыру көздерін орналастыру құрылыс салу мен көгалдандырумен үйлесумен қатар жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтірмей, қауіпсіз орта құруға ықпал етуі тиіс. Саябақ аумағымен және тұрғын орамдармен өтетін жаяу жүргіншілер бағыттарын, оқушылар, мүгедектер және қарт адамдар жүретін жолдарды жарықтандыруға ерекше көңіл аудару қажет.
126. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде техникалық нормаларға сәйкес беріледі.
127. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы белгілі аумақтағы жалпы санының 5 пайызынан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері және байланыс жүйесі тазалықта ұсталуы қажет.
128. Жарық пен электрлі көліктердің байланыс желісінің құлап қалған бағаналарын шығару жұмысы бағана иесімен жүргізіледі негізгі магистральдарда кешіктірілмей, сондай-ақ басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар - табылғаннан кейін тәулік ішінде жүргізіледі.
129. Басты көшелер мен алаңдарды мерекелік безендіру (иллюминация) аудан әкімінің бекіткен мерекелік безендіру жоспарына сәйкес меншік иесімен орындалады.
13. Аудан елді мекендері аумақтарын көркейту жағдайын, тазартып ұстауды, тазалауды ұйымдастыруды бақылау жөніндегі уәкілетті органдар
130. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Қағиданың сақталуына бақылауды және аудан аумағын көркейту Тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ елді мекендер инфрақұрылымы нысандарын бұзғаны үшін өз құзыреттері шегінде шаралар алуды:
1) ішкі істер органы;
2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы жүргізеді.
14. Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
131. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.