Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімінің 17.01.2011 № 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасын, 37 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 баптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. 1993 жылы туылған азаматтарды және тіркеуден әртүрлі себептермен өтпеген жас мөлшерлері 17 жастан асып кеткен азаматтарды Мәртөк ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
Тіркеу орны болып Мәртөк ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі белгіленсін.
2. Шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
Өзінің жұмысында комиссия Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алу ұсынылсын.
3. Аудандық Ішкі Істер бөлімі (келісім бойынша А.М.Шарипов) тіркеу орнында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында екі полиция қызметкерін бөлу ұсынылсын.
4. Аудандық Әділет басқармасы (келісім бойынша, басшының міндетін атқарушы Ә.Қ.Каукаев) жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, атын және әкесінің атын, туған күні мен туған жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы жеті күн мерзім ішінде хабарлау ұсынылсын.
5. Аудандық Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі (Н.Ө.Сәрсенбаев) осы шешімнің орындалуы жөнінде ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2010 жылдың 10 сәуіріне дейін ұсынсын.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
Аудан әкімі А.Әмірғалиев