Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 наурыздағы N 38 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін
-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 23-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–
маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі қаулы етеді:
1. Аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы (С.Қосмамбетов) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да әскери құрылымдарға 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды және шақырылудан кейінге қалдыру құқығынан айырылған ересек жастағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын жүзеге асырсын.
2. Аудандық шақыру комиссиясы құрамы бекітілсін (1 қосымша)
3. Қала, кент, селолық округтерінің әкімдері шақыруды тиісті деңгейде ұйымдастырсын, шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етсін, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды ұйымшылдықпен аттандыру үшін қажетті шаралар алсын. Көрсетілген шаралардың орындалуына байланысты шығындарды жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырсын.
4. Аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы (С.Қосмамбетов) жергілікті округ әкімдерімен шақыруды ұйымдастырып, шақыру комиссиясының жұмыс жасауын қамтамасыз ету, азаматтырды әскери қызметке ұйымшылдықпен жөнелту жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
5. Аудандық емхананың (Е.Балбосынов) бас дәрігері:
1) шақыру жұмысы басталған мерзімге дейін емделуге мұқтаж шақырылушылардың сауықтандырылуы аяқталсын және сол мерзімге аудандық қорғаныс істері бөліміне қосымша парақтармен жеке карталарын және психоневрологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ жұқпалы, трахомалық ауруларды, ішкі органдардың, сүйектердің, бұлшық еттердің, буындардың созылмалы ауруы бар шақырылушылардың тізімін және шақырушылардың денсаулығын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік зерттеу, диспансерлік бақылау мәліметтерін тапсыру;
2) азаматтарды медициналық куәландыру жүргізу үшін жинау қосына неғұрлым дайындығы мол дәрігер-мамандар мен орта буынды медициналық қызметшілердің қажетті санын бөлу;
3) әскери шақыру қостарын қажетті құрал - жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз ету;
4) әскери шақыру жүргізу кезеңінде стационарлық емдеу орындарындағы шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы аудандық қорғаныс істері бөліміне хабарлау ұсынылсын.
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (А.Дәулетов) шақыру қостарының жұмыс істеу кезеңінде полиция наряды мен жылжымалы күзеттерін бөлсін, шақырылушылардың көп жиналған жерлерінде қоғамдық тәртіпті сақтау, мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарушы шақырылушыларды іздеу және аудандық қорғаныс істері бөліміне жеткізу бойынша шаралар алу ұсынылсын.
7. Аудандық қаржы бөлімі (М.Нұралин) аудандық қорғаныс істері бөліміне мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу, азаматтарды мерзімді әскери қызметке аттандыру және азаматтарды медициналық куәландыру шараларын орындау үшін аудандық бюджет есебінен қаржы бөлсін.
8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Қожатілеу) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде құжаттарды толтырып және шақыру қағаздарын тарату үшін техникалық қызметкерлер бөлсін.
9. Әскери жұмылдыру дайындығы және әскери есепке алу мәселелері туралы жылына бір рет аудан әкімдігінде қарауға аудандық қорғаныс істері бөлімі тарапынан ұсыныс берілсін.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Өтеповке жүктелсін.
11. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еңеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа еңгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Р.Сатанова
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 29 сәуірдегі
№ 84 қаулысына
1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Қосмамбетов - аудандық қорғаныс істері бөлімінің
Серік Жексенбайұлы бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Өтепов - аудан әкімінің орынбасары, комиссия
Нұрмұхан Исаұлы төрағасының орынбасары
Кушбаева - комиссия хатшысы
Гүлнар Ізғалиқызы
Сатаева - аудандық емхананың дәрігері,
Мақпал Амитқызы дәрігерлік комиссия төрағасы
Қуанов - аудандық ішкі істер бөлімінің
Медицина қызметкерлері:
Жанғалиев Сағын Жанғалиұлы - терапевт
Дабылдин Біржан Мұнайтбасұлы - хирург
Мұңайтпасова Әлия Нұрмұхамедқызы - дерматолог
Өтегенова Құралай Сағидоллақызы - невропатолог
Есенаманова Айжан Қасенғалиқызы - стоматолог
Балбосынов Ерсайын Балбосынұлы - рентгенолог
Мұқашева Шолпан Текебайқызы - окулист
Сағынов Сергей Қалешұлы - отоларинголог
Мұнатова Гүлжан Қанашқызы - кардиолог
Достанов Сәтжан Дастанұлы - психиатр
Нұрмұханова Бибігүл Ахметқызы - медбике
Шаукенова Базаргүл Майшабайқызы - рентгенлаборант
Дәулетбаева Айгүл Нұрғазықызы - медбике
Лекерова Алмагүл Болатқызы - медбике
Сатқанова Майра Сағидоллақызы - лаборант
Каукакова Жұмагүл - лаборант
Тәжібаева Лиза Бақытжанқызы - медбике
Виноградова Галина Алексеевна - медбике