2009 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында "Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімінің 2009 жылғы 10 қаңтардағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Ойыл аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 4 ақпанда N 3-11-54 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімінің 2009.06.18 № 7 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" N 74 Заңының 17-бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. 2009 жылдың 15 қаңтары мен 31 наурызы аралығында "Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1992 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Ойыл ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      Шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.

      2. Аудандық орталық ауруханасына (А.Жабағиев-келісім бойынша) "Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркелушілерге медициналық куәлік беруді жүргізу үшін қажетті дәрігер мамандарды, оның ішінде, жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін, төрт адам санында медбикелерді және медициналық комиссияға жұмыс үшін қажетті медициналық мүліктер, құралдар және дәрілерді бөлу ұсынылсын.

      3. Аудандық округтер әкімдері, меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары шақырушыларды шақыру учаскелерінде тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, олардың дер кезінде "Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

      4. Азаматтарды әскери шақыру жасына дейінгі есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметінің сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатындығы жөніндегі заң талаптары орындалсын.

      5. "Ойыл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Сукашева) "Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (С.Отаров-келісім бойынша) бірлесе отырып, аудан мектептерінде оқитын 1992 жылы туылған жасөспірімдердің толық тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін.

      6. "Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Смагулов-келісім бойынша), "Ойыл аудандық әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Г.Дүсіпова-келісім бойынша),Ойыл аудандық сотына (А.Қаржауов-келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18-бабында көрсетілген міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      7. "Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" (А.Жолдыбаев) мен "Ойыл аудандық қаржы бөлімі" (М.Сембі) мемлекеттік мекемелері белгіленген заң талаптарына сәйкес азаматтарды тіркеу жөніндегі іс шараларды қаржыландыру шараларын алсын.

      8. Азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты жұмыс аяқталғаннан кейін "Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Отаров-келісім бойынша) тіркеу қорытындысы туралы аудан әкіміне 2009 жылдың 5 сәуірінде жазбаша хабарласын.

      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары А.Қазыбаевқа жүктелсін.

      10.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:            Қ.Елеусіз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады