Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 12 наурыздағы № 4 «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 116 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 05 маусымда N 3-12-92 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 177 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2010.02.23 № 177 шешімімен.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабын, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» облыстық әділет басқармасында 2001 жылғы 5 сәуірде 1008 санды нөмерімен тіркелген аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 12 наурыздағы тоғызыншы сессиясының № 4 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Комммуналдық қызметті пайдаланғандағы шығынды өтеу үшін және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібінің Ережесін бекіту туралы»;
      2) шешімнің кіріспесіндегі «Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі №437 Қаулысымен» сөздері «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512  Қаулысымен» сөздерімен ауыстырылсын;
      3) шешімнің 1 тармағындағы «Хромтау ауданында коммуналдық қызметті пайдаланғандағы шығынды өтеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібінің Ережесі» сөздері «Хромтау ауданында коммуналдық қызметті пайдаланғандағы шығынды өтеу үшін және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібінің Ережесі» сөздерімен ауыстырылсын;
      4) шешімге қосымшада:
      Бүкіл мәтін бойынша «коммуналдық қызметті пайдаланғандағы» сөздері «коммуналдық қызметті пайдаланғандағы шығынды өтеу үшін және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнпарақтық күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Аудандық маслихат           Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы              хатшысы
          Н.Арсений                   Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады