Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010.02.15 N 3-51 Қаулысымен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 1-бабының 7)-тармақшасына, 7-бабының 5)-тармақшасына, 20-бабына Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласының жұмыссыз азаматтары үшін 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың тізбелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстар қажетті ұсыныс пен сұранысқа сай ұйымдастырылсын.
3. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б.Мұхаметжан):
бекітілген тізбелерге сәйкес қала кәсіпорындарымен және ұйымдарымен қоғамдық жұмыстарға шартқа отырсын,
қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздармен жұмыс берушілер еңбек шартына отырып, орындалуын қамтамасыз етсін;
нақты атқарылған жұмыстарға ақы төлеу жергілікті бюджеттен еңбек шарты бойынша Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі еңбек ақы мөлшерінен кем емес мөлшерде атқарылған жұмыстың актілері және жұмыс жұмыс уақытының есебі көрсетілген табель бойынша жүргізілсін.
4. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы "2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру орындарын құру туралы" нөмірі 1-9 қаулысы (Талдықорған қаласының әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 20 ақпанындағы тіркелген нөмірі 2-1-64, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 29 ақпанындағы 9-нөмірінде жарияланған) және Талдықорған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 09 қазандағы "Талдықорған қаласының әкімдігінің 2008 жылдың 15 қаңтардағы "2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы" 1-9 қаулысына өзгерту енгізу туралы" нөмірі 24-1002 қаулысы (2008 жылдың 14 қарашасындағы Талдықорған қаласының әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2-1-88, 2008 жылдың 21 қарашасындағы "Талдықорған" газетінің 47-нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Көлбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров
Талдықорған қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 24 сәуірдегі "2009
жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы" N 10-258
қаулысына қосымша
Талдықорған қаласының жұмыссыз азаматтары үшін 2009 жылы
ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың
тізбесі
N |
Ұйымдардың |
Қоғамдық жұмыстар |
Көлемі мен |
Қоғам- |
Ең |
Қаржы- |
1 |
Алматы |
Көзі көрмейтін |
4500 рет 10 шаршы метр |
6 сағат |
13470 |
646560 |
Барлығы: |
646560 |
|||||
2 |
"Алматы |
Әлеуметтік қорғауға |
120 рет |
7 сағат |
13470 |
1131480 |
Барлығы: |
1131480 |
|||||
3 |
"Алматы |
Әлеуметтік |
300 рет |
7 сағат |
13470 |
484920 |
Барлығы: |
484920 |
|||||
4 |
Асырауында |
Әлеуметтік-дәрігерлік сараптама өту |
500 рет |
7 сағат |
13470 |
323280 |
Барлығы: |
323280 |
|||||
5 |
"ВИДЕРГЕБУРТ" |
Мәдени көпшілік |
285 рет |
7 сағат |
13470 |
646560 |
Барлығы: |
646560 |
|||||
6 |
"Единство" |
Әртүрлі құжаттарды |
360 дана 50 шаршы метр |
6 сағат |
13470 |
1293120 |
Барлығы: |
1293120 |
|||||
7 |
"Еркін |
Мелиоративтік |
50 шаршы метр 150 шаршы метр |
6 сағат |
13470 13470 |
404100 4445100 |
Барлығы: |
4849200 |
|||||
8 |
"Жасөспірім" |
Қоғамдық компания |
20 рет |
7 сағат |
13470 |
808200 |
Барлығы: |
808200 |
|||||
9 |
"Жас Ұрпақ" |
Балалар мен |
150 рет |
7 сағат |
13470 |
484920 |
Барлығы: |
484920 |
|||||
10 |
"Көркейту" |
Қаланы санитарлық |
2500 |
6 сағат |
13470 |
17295480 |
Барлығы: |
17295480 |
|||||
11 |
"Қазақстан |
Мүгедек балаларға |
24 рет 12 рет 60 шаршы |
7 сағат |
13470 |
2262960 |
Барлығы: |
2262960 |
|||||
12 |
Мемлекеттік |
Құжаттарды |
120 іс 4500 |
7 сағат |
13470 |
646560 |
Барлығы: |
646560 |
|||||
13 |
"Мүгедек және |
Әлеуметтік |
420 рет 1260 бет 60 шаршы метр |
7 сағат |
13470 |
646560 |
Барлығы: |
646560 |
|||||
14 |
"Мүшелтой" |
Балалар мен |
3 секция 30 шаршы метр |
7 сағат |
13470 |
1131480 |
Барлығы: |
1131480 |
|||||
15 |
"Мұрагер" |
Ардагерлер мен |
280 дана 30 шаршы метр |
6 сағат |
13470 |
484920 |
Барлығы: |
484920 |
|||||
16 |
"Өтенай |
Мелиоративтік |
70 шаршы метр 180 шаршы метр |
6 сағат |
13470 13470 |
404100 4445100 |
Барлығы: |
4849200 |
|||||
17 |
"Полония" |
Үйірме жұмыстарын |
1 үйірме 20 рет |
7 сағат |
13470 |
969840 |
Барлығы: |
969840 |
|||||
18 |
"Талдықорған |
Құжаттарды басып |
1200 бет |
7 сағат |
13470 |
323280 |
Барлығы: |
323280 |
|||||
19 |
"Талдықорған |
Жұмыс іздеу |
50 дана 350 рет 2000 бет 80 дана 2800 шаршы метр 30 рет 2500 дана 100 іс 60 шаршы метр |
7 сағат |
13470 13470 13470 13470 13470 13470 |
484920 646560 808200 323280 646560 10829880 |
Барлығы: |
13901040 |
|||||
20 |
"Талдықорған |
Әскер қатарына |
720 дана 1500 дана |
7 сағат |
13470 |
1939680 |
Барлығы: |
1939680 |
|||||
21 |
"Чернобыль" |
"Чернобыль" апатын |
120 рет 700 бет |
6 сағат |
13470 |
646560 |
Барлығы: |
646560 |
|||||
Барлығы: |
55765800 |
"Талдықорған қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ш. Мұхаметжан