Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 15.04.2014 N 256 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабы, 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының «Қарлығаш» ықшам ауданы малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты және оның таралуына жол бермеу жөніндегі
Қапшағай қалалық аумақтық инспекциясы бастығының 2009 жылғы 27
ақпандағы № 1-18-26 ұсынысын қарай келе, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қапшағай қаласы «Қарлығаш» ықшам ауданындағы малдардың сарып ауруына шалдығуына байланысты шектеу қойылсын.
2.Сарып ауруының ошақтарын жою және мал басын сауықтыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3.Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу қала әкімінің орынбасары Е.И. Есполовқа жүктелсін.
4.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Таубаев
«Қапшағай қаласының «Қарлығаш»
ықшам ауданындағы малдардың
сарып ауруына шалдығуына
байланысты шектеу қою туралы»
Қапшағай қаласы әкімдігінің
2009 жылғы «02» наурыздағы
№ 37 қаулысына қосымша
Сарып ауруының ошақтарын жою және мал
басын сауықтыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары
№ |
Іс-шараларының аталуы |
Орындалу мерзімі |
Орындауға жауаптылар |
1 |
Қапшағай қаласы "Қарлығаш" ықшам ауданы малдарының толық есебін жүргізу |
2009 жылдың қазан айына дейін |
"Қапшағай қаласының ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
2 |
Өлген малдарды тастайтын шұңқырды осы ықшам ауданда жасау |
тұрақты түрде |
"Қапшағай қаласының ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
3 |
Сарып ауруымен ауырған малдарды тез арада жалпы табыннан аластау |
3 күн ішінде |
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері, мал иелері (келісім бойынша) |
4 |
Ауру шыққан малдарды мал иелерінен алып өртеу және жойылуын қамтамасыз ету |
ауру шыққан мерзімде |
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері (келісім бойынша) |
5 |
Мал тұрған қоралар мен аулаларды қидан тазарту және арнайы дәрілермен залалсыздандырудан өткізу |
тез арада |
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері, мал иелері (келісім бойынша) |
6 |
Ауру шыққан ауладағы қалған малдардан 20-25 күн сайын қан алынып, екі қайтара таза шыққанша сарып ауруына тексерілуін қамтамасыз ету |
тұрақты түрде |
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері (келісім бойынша) |
7 |
Мал ауруы шыққан ауладағы адамдардың сарып ауруына тексерілуін жүргізу |
тұрақты түрде |
Қапшағай қалалық мемлекеттік санитарлы эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары және мал дәрігерлік инспекторы, мал дәрігерлік мамандар (келісім бойынша) |
8 |
Тұрғындар арасында сарып ауруына қарсы шаралар жөніндегі насихат жұмысын жүргізу |
тұрақты түрде |
Қапшағай қалалық мемлекеттік санитарлы эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары және мал дәрігерлік инспекторы, мал дәрігерлік мамандар (келісім бойынша) |