«Қапшағай қаласының құрметті азаматы» атағын беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 10 тамыздағы N 160-29 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2009 жылдың 25 тамызында N 2-2-89 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 4-32 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2012.06.08 N 4-32 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихатШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса тіркелген «Қапшағай қаласының құрметті азаматы» атағын беру Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М. Андаржанова

      Қалалық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы                          Б. Мыңбаев

Қапшағай қалалық мәслихатының
                                         2009 жылғы «10» тамыздағы
                                       № 160-29 шешімімен бекітілген
 
 

«Қапшағай қаласының Құрметті азаматы» атағын беру
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
      2. «Қапшағай қаласының Құрметті азаматы» атағын беру марапатталатындардың қаланың экономикалық, әлеуметтік және рухани дамудағы айрықша еңбектері үшін, қоғамдық танытуды білдіру, маңызды имандылық ынтаның бірі болып табылады. Азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың қаланың экономикалық және әлеуметтік дамытудағы күш-жігерін көтермелеуге, өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік пен халықтар арасындағы достықты нығайту рухында тәрбиелеуге шақырады.
      3. «Қапшағай қаласының Құрметті азаматы» атағы мәдени құрылыс, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамудағы міндеттерді шешуге үлес қосқан және айрықша еңбегі үшін, жоғары кәсіби шеберлігі және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін, өндіріс саласындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғары жетістіктері, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасауда және осы азаматтың Қапшағай қаласы мен өңірінің аумағында кем дегенде 10 жыл тұрып, әрі осы кезең ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің наградаларымен немесе Қапшағай қаласы әкімінің, Қапшағай қалалық мәслихатының құрмет грамоталарымен марапатталған жағдайда беріледі.
      4. «Қапшағай қаласының Құрметті азаматы» атағы қала алдында еңбегі үшін немесе олардың саяси және қоғамдық өміріне үлкен құрмет білдіру мақсатында басқа қалалар мен шет елдердің азаматтарына берілуі мүмкін.
      5. «Қапшағай қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болған азаматтарға келесі коммуналдық төлемдерден босатуға құқығы беріледі:
      1) орталықтандырылған жылу (18м2);
      2) ыстық сумен қамтамасыз ету (1 адам);
      3) суық сумен қамтамасыз ету және канализация (1 адам).

2. "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы"
атағын беруге ұсыну тәртібі

      1. "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы" атағы жылына бір рет беріледі. "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы" атағы жылына көп дегенде үш азаматқа беріледі.
      2. "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы" атағын беру еңбек ұжымдары, саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер, сондай-ақ қала әкімінің бастамасы бойынша, жергілікті қоғамдастық жиналыстарының (жиындарының) шешімдері негізінде жүзеге асырылады.
      Қолдаухатқа тиісті басшының қолы қойылады, онда кандидаттың айрықша сіңірген еңбегі көрсетіледі. Қолдаухатқа жиналыс (жиын), конференция хаттамаларының көшірмесі, кандидаттардың айрықша сіңірген еңбегін растайтын құжаттарының көшірмелері, өмірбаяндық мәліметтері тігіледі.
      Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырылмайды.
      Сол, бір кандидатқа қолдаухат өкiлетті органдардың шақырылымы кезеңiнде екi реттен артық енгiзiлмейдi.
      3. "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы қолдаухат оған қоса тіркелетін құжаттарымен бірге қалалық әкімдікке жіберіледі.
      4. "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыныс  қалалық мәслихатқа қала әкімімен аталған мәселені қалалық мәслихаттың сессиясында қарауға дейін бір айдан кешіктірмей енгізіледі.
      5. "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы" атағын беру мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу мен есепке алуды, қалалық бюджеттің есебінен куәлігі мен төс белгісін жасауды қала әкімі аппараты жүзеге асырады.
      6. "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы" атағы берілгені жөнінде куәлік беріледі.
      7. "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы" куәлігі мен төс белгіні қаланың әкімі және мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.
      8. "Қапшағай қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім жергілікті мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланып, телерадио хабарларынан беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады