Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің 2009.12.25 N 5 Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағын басшылыққа алып 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери құрылымдарға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында, Текелі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне, сондай-ақ "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Жанатай Мұқашұлы Тоқпаев), шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген жасы ұлғайған жастарды тізімге алу жүргізсін.
2. 1992 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскелерінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алу қамтамасыз етілсін.
3. "Текелі қаласының қалалық ауруханасы" мемлекеттік қазыналы кәсіпорнының бас дәрігеріне (Олег Станиславович Кан), жастарды медициналық куәландыру жүргізу үшін дәрігерлер мен мамандарды қатыстыру ұсынылсын (келісім бойынша).
4. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Файзагүл Сванқызы Мырзахметова) "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1992 жылы туылған мүгедек жастар туралы мәлімет берсін.
5. "Текелі қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Нәзигүл Сағатбекқызы Кертаева) және "Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы (Айгүл Ермұханқызы Қалысбаева)
1) 1992 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орнына түсу үшін кандидаттар таңдау бойынша жұмыс жүргізсін;
2) әскери тіркеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау үшін мектеп мұғалімдері бөлінсін;
3) оқу мекемелерінде әскери – қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығы жөнінде іс шаралар жүргізсін;
4) әскер жасына дейінгі жастар арасында әскери - патриоттық мәселе бойынша түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып өткізсін.
6. Рудник кентінің әкімі (Сергей Дмитриевич Вишняков) 1992 жылы туылған азаматтардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
7. Қалалық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы (Олег Владимирович Цой) кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі инспекциясында тіркеуде тұрған жастардың тізімін беруі ұсынылсын (келісім бойынша).
8. "Текелі қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов) бюджет ассигнованиясының шеңберінде қаржыландыру жүргізсін.
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау әкімінің орынбасары Гүлмира Баяхметқызы Маупашеваға жүктелсін.
10. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі С. Бескемпіров
Текелі қаласы әкімінің
2009 жылғы 5 қаңтардағы N 3
"1992 жылы туылған азаматтарды
шақыру учаскесінде тізімге
алу және жастарды жедел әскери
қызметке шақыруға дайындау
туралы" шешіміне
қосымша
Тізімге алу комиссиясының құрамы
Комиссияның төрағасы Жанатай Мұқашұлы Тоқпаев - Ескелді аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлімінің бастығы;
Комиссия төрағасының орынбасары - Маупашева Гүлмира Баяхметқызы Текелі қаласы әкімінің орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Айбасов Ғалымжан Қуанышбекұлы - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары;
Медициналық комиссияның төрағасы: Кан Евгений Валентинович;
Комиссияның хатшысы: Ширбаева Асем Тұрсынбекқызы;
Дәрігерлер:
Корнилов Владимир Григорьевич дәрігер - терапевт;
Кравченко Николай Гариевич - дәрігер-хирург;
Мұсаев Тимур Русланұлы - дәрігер-отоларинголог;
Рашидов Сезім Сейілұлы - дәрігер-дерматовенеролог;
Снимщикова Лариса Валентиновна - дәрігер-стоматолог;
Байдак Валерий Владимирович - дәрігер-невропатолог;
Мащенко Николай Васильевич - дәрігер-психиатр;
Дзан Эмма Сергеевна - дәрігер-офтальмолог;
Бекбергенова Нұршат Жүнісқызы - дәрігер-фтизиатр;
Медбикелер:
Биболатова Жұлдыз Қанайқызы, Исмаилова Асель Батырқызы, Рашидова Ислана Сапарқызы, Жанқұлова Үрімхан Әділханқызы, Жаримбетова Гүлжазира Қуанышқызы.