Жамбыл ауданында өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 қаңтардағы N 20-85 шешімі. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 ақпанда N 2-7-71 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 32-140 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 32-140 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауданында өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі турақты комиссиясының төрағасы Ә.Абаевқа және аудан әкімінің орынбасары Ж.Далабаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрағасы                            Еркінбайұлы С.
      
      Мәслихат хатшысы                           Әлиев Б.

                                          Жамбыл аудандық мәслихаттың
      2009 жылғы «31» қаңтардағы
      «Жамбыл ауданында өздері
      жылытатын үйде тұратын 
      тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй 
көмегін көрсету тәртібі 
      мен мөлшері туралы»   
шешіміне № 1 қосымша   

1. Жалпы ережелер
      

Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері

      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрғылықты тұратын және тұрғын үйдің иесінен сенім хаты бар жалдаушы болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады.
      6. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған токсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдармен жасалған Агенттік келісім негізінде жүзеге асырады.
      8. Аудан бойынша көмірдің бағасын есептеу үшін аумақтың тұрғындарын қамтамасыз ететін аудан әкімдігі белгілейді.
      9. Тұрмысы төмен отбасылары газ бен көмірге алған төлеу түбіртегін ұсынып бере алмауына байланысты Аудан әкімінің бекітіп берген көмір мен газдың коммуналдық нормасы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға есепке алынады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      1. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішінде 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      2. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа,оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алта айға айырылады.
      3. Тұрғын үй көмегін өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркелген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалалы.
      4. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық, селолық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, (жылына бір рет) немесе қандайда да болса өзгерістер болғанда;
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет) немесе жалдаушының сенім хаты;
      4) пәтер жалдаушы үй иесінен сенім хат ала-алмаған жағдайда, осы үйде нақты жалдаушы ретінде тұратынын әр округте құрылған учаскелік комиссия тексеру актісімен қоса анықтама беру арқылы дәлелдеп береді;
      5) азаматтарды тіркеу кітабі (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда) немесе отбасының құрамы туралы анықтама;
      6) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      7) өтініш берушіге тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжат тапсырған тоқсанның алдыңғы тоқсанындағы соңғы (үшінші) айының төлем түбіртектері есептелінеді.
      8) жеке меншік қосалқы шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты,бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына,ауылдық жерлерде тұратындарға – алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
      5) өзге де табыс,жеке негізде тұрмысы төмен отбасыларынан.
      6. Отбасының жиынтық табысына мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй көмегі;
      3) жерлеуге арналған бір жолы жәрдемақы;
      4 )бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегі (құндылық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке ісін ашуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке ісін ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы,жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе кенттің,ауылдың (селоның),ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді жазбаша тапсырады.
      8. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдай туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытынды тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне ұсынады.
      9. Кенттің,ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын өтініш берушіден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      10. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді. Түбіртек ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      11. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
      12. Тұрғын үй алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      13. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда,тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті органдардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын-ала жалған мәліметтер бергені үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен.

3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі мөлшерлер.

      1.Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі мөлшерлер қабылданады:
      1) газ тұтыну – 1 айға 1 кішкене баллон;
      2) электр жүйесін қолдану
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға – 90 киловатт;
      3 адамға – 135 киловатт;
      4 және одан да көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
      4) от жағу маусымына 4 тонна көмір.
      2. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудан әкімі бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады