РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 3 келісімін және ауыл тұрғындарының 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 3 хаттамасын және тұрғындар өтінішін басшылыққа алып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай селосындағы:
"Северная" атындағы көшенің атауы "Желтоқсан";
"Алматинская" атындағы көшенің атауы "Д.Қонаев";
"МТФ-2" атындағы көшенің атауы "Азаттық";
"Заречная" атындағы көшенің атауы "Теректі";
"Комарова" атындағы көшенің атауы "Бостандық";
"Табачная" атындағы көшенің атауы "Тәуелсіздік";
"Калинина" атындағы көшенің атауы "Алатау";
"2-Новостроевская" атындағы көшенің атауы "Көктем";
"5-Новостроевская" атындағы көшенің атауы "Береке";
"4-Новостроевская" атындағы көшенің атауы "Ынтымақ";
"40-лет Победы" атындағы көшенің атауы "Жеңіс";
"Школьная" атындағы көшенің атауы "Мектеп";
"Советская" атындағы көшенің атауы "Кеңес";
"Садовая" атындағы көшенің атауы "Алмалы" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Балтабай ауылындағы атауы өзгертілген көшелер таныстырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау, округ әкімінің орынбасары Сауле Базарбайқызы Алиповаға жүктелсін.
4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі Н. Тайсариев