Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2009.04.15 N 23-151 шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді ауданының мәслихатының 2008 жылдың 3 наурыздағы N 10-59 "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы", (2008 жылдың 17 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2-9-55 тіркеу нөмірлі, 2008 жылғы N 12 "Жетісу шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
Шешімінің 1 тармағы мынандай редакцияда жазылсын:
Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі барлық ауылдық, кенттік аймақтарда құрылған учаскелік комиссиясының сараптамасы мен қозғалмайтын мүлікті бағалау мен тіркеу басқармасының меншігінде бір үйден басқа үй жоқ екені туралы анықтамасы мен көмек көрсетудің тәртібі мен мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу ережесінің:
1) Бірінші бөлімінің 3 тармағы: Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде және отбасына жиынтық табысының мөлшерінен жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған уақытта тағайындалады және жалғыз басты зейнеткерлер мен зейнетақы мөлшері ең төменгілер кірмейді;
2) Үшінші бөлімінің 21 тармағының 4 тармақшасы от жағу мерзіміне 3 тонна көмір деген сөз, 4 тонна көмір деп өзгертілсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ескелді аудандық мәслихатының
IV шақырылымындағы ХІХ
сессияның төрағасы Сәриев Серік Мамонұлы
Ескелді аудандық
мәслихатының хатшысы Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы
2008 жылғы 27 қаңтардағы N 19-114
санды "Ескелді ауданы мәслихатының
2008 жылдың 3 наурыздағы N 10-59
"Табысы аз отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі
мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне
өзгертулер енгізу туралы" шешіміне
қосымша
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері 1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үй жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде және отбасына жиынтық табысының мөлшерінен жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған уақытта тағайындалады және жалғыз басты зейнеткерлер мен зейнетақы мөлшері ең төменгілер кірмейді.
4.Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
6. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған айынан басталады және сол айға төленеді.
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдармен жасалған Агенттік келісім негізінде жүзеге асырады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
8. Тұрғын үй көмегі 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасыларына төленбейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
9. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
10. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
11. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса ауылдық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басы куәлігінің көшірмесін (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
2) жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы аңықтама ауылдық округ әкімінен (жылына бір рет немесе қандай да бір өзгерістер болғанда) ал, Қарабұлақ ауылдық округті тек қана қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан анықтама болу керек;
3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жылына бір рет) немесе жал шартының көшірмесі (жалдау);
4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда) немесе ауылдық округ әкімінен анықтама болу керек;
5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен айға тоқсан сайын), көмірдің түбіртегі қажет етілмейді;
7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).
12. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
3) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
4) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
5) жеке қосалқы шаруашылықтан-мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына-қалалық жерде тұратындарға - бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға - алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
6) 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы;
7) мүгедек азаматтардың мүгедектігіне төленетін жәрдемақы;
8) зейнетақы;
9) өзге де табыс.
13. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
2) тұрғын үй көмегi;
3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
5) ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
7) жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
14. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi құжаттарды ауылдық округтiң әкiмi қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жазбаша тапсырылады.
15. Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексерудің нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны ауылдық округтің әкiмiне ұсынады.
16. Ауылдық округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
17. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді. Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
18. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
19. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
20. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда-сот тәртібімен жүзеге асырылады.
3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар
21. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
1) газ тұтыну-1 айға 1 кішкене баллон;
2) электр жүйесін қолдану;
1 адамға – 45 киловатт;
2 адамға - 90 киловатт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
4) от жағу маусымындағы үйлердегі от жағу орындарына - 4 тонна көмір;
5) орталықтандырылған от жағылатын пәтерлерге:
жалғыз адам тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
отбасыларында екі адамы барлар үшін – 42 шаршы метр;
отбасы үш және одан көп адамнан тұратындар үшін-әр қайсысына 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек.
22. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудан әкімі бекітеді.