Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2010.02.08 N 36-218 Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заңының (Қазақстан Республикасы Салық Кодексі) 378, 381, 383-баптарына, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес және Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңесінің 2009 жылғы 30 қаңтарындағы қорытындысын ескере отырып, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді ауданы бойынша 2009 жылға арналған жер салығының базалық ставкалары:
1) Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары N 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін;
2) Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары алаңның бір шаршы метріне шаққанда N 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Ескелді аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 қаңтарындағы "Елді мекендерден алынатын салық ставкасына түзету туралы" N 19-37, Алматы облыстық Әділет департаментінде 2005 жылы 1 наурызында тіркеуден өткен N 1902 (Аудандық "Жетісу Шұғыласы" газетінің 2005 жылғы 8 сәуіріндегі N 15(8029) санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О. Сәрсеновке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ескелді аудандық мәслихатының
IV шақырылымындағы ХХ
сессиясының төрағасы Құлбекова Бижамал Бекенқызы
Ескелді ауданы
мәслихатының хатшысы Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы
2009 жылғы 1 ақпанындағы
Ескелді ауданы бойынша жер
салығының базалық ставкаларын
белгілеу туралы N 20-121
шешімінің 1 қосымшасы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы және өнеркәсіп жерлеріне
салынатын базалық салық ставкалары
Аймақтың реті N |
Базалық салық ставка |
Жер салы |
Аймаққа кіретін кадастрлық кварталдардың |
Нөмірлері |
1 |
0,7 |
1,2 |
Бұрынғы 1 май ассоциясы шекарасындағы жерлер: Орман қор жерлері Қорлық жерлер |
067 |
2 |
0,8 |
1,2 |
Бұрынғы Қарабұлақ ассоциясы шекарасындағы жерлер: |
051 |
3 |
1,0 |
1,2 |
Бұрынғы Крупский атындағы колхоз шекарасындағы жерлер; |
010 |
4 |
1,15 |
1,2 |
Бұрынғы Крупский атындағы колхоз шекарасындағы жерлер; |
008 |
5 |
1,3 |
1,2 |
Бұрынғы Жеңіс ассоциясы шекарасындағы жерлер; |
028 |
6 |
1,4 |
1,2 |
Бақтыбай Жолбарыс ұлы ауылы жерлері |
001 |
2009 жылғы 1 ақпанындағы
Ескелді ауданы бойынша жер
салығының базалық ставкаларын
белгілеу туралы N 20-121
шешімінің 2 қосымшасы
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін
қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары алаңның бір
шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
Аймақ |
базалық салық ставка |
Жер салығының базалық ставкасын белгілеу коэффициенті |
Елді мекендері |
1 |
0,6 |
1,2 |
Көктөбе, Ақ–Тұма ауылдары |
2 |
0,8 |
1,2 |
Тамбала, Ақешкі, Биғаш, |
3 |
1,0 |
1,2 |
Ақтасты, Өр-қусақ, Жаңалық, Бөктерлі, Теңлік, Теректі, |
4 |
1,1 |
1,2 |
Абай, Жастар, Жалғыз-ағаш, |
5 |
1,15 |
1,2 |
Көкжазық, Шымыр, М.Байысов, |
6 |
1,2 |
1,2 |
Алдабергенов, Бақтыбай |