Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық әкімдігінің 2010.03.29 N 94 Қаулысымен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабындағы 1-тармағының 14-тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып Ескелді аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тілеуберген М.Б.) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алуына, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке-меншік іс ашу үшін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек есебінен 180 мың теңге қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімі С.М. Дүйсембінов