Ескелді ауданы мәслихатының 2008 жылғы 3 наурыздағы 10-59 санды "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 28-175 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 16 қыркүйекте N 2-9-88 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2010 жылы 02 ақпандағы N 35-214 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2010.02.02 N 35-214 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 53-бабының 1-тармағының 6-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Ескелді ауданы мәслихатының 2008 жылғы 3 наурыздағы 10-59 санды "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" (2008 жылдың 17 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2-9-55 тіркеу нөмірлі, 2008 жылы N 12 "Жетісу шұғыласы" газетінде жарияланған) шешімнің қосымшасына төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Бірінші бөлімнің 3 тармағы: "Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде отбасылық айлық жиынтық табыстың көлемі жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған уақытта тағайындалады және жалғыз басты зейнеткерлермен зейнетақы мөлшері ең төменгілер кірмейді" деген сөздерге өзгертілсін;
      2) Екінші бөлімнің 11 тармағының 2 тармақшасы "Жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтаманы аудандық әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметінен алуы тиіс" деген сөздерге өзгертілсін;
      3) Үшінші бөлімнің 21 тармағының 4 тармақшасындағы "от жағу маусымындағы үйлердегі от жағу орындарына - 3 тонна көмір" деген сөздер "от жағу маусымында үйлерді жылумен жабдықтауға - 19500 теңге" деп өзгертілсін.
       3. Үшінші бөлімнің 21 тармағы "абоненттік төлемақы төлеудің мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде белгіленсін" деген редакциядағы 6 тармақшамен толықтырылсын.
       4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ескелді ауданы мәслихатының
      IV шақырылымындағы ХХVІIІ
      сессиясының төрағасы                       Есдәулетов Қуат Райқұлұлы

      Ескелді ауданы
      мәслихатының хатшысы                       Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы

Ескелді ауданы мәслихатының 2008
жылғы 3 наурыздағы 10-59 санды
"Табысы аз отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің тәртібі мен мөлшерін
белгілеу туралы" шешіміне
қосымша

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үй жәйдің меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде отбасылық айлық жиынтық табыстың көлемі жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған уақытта тағайындалады және жалғыз басты зейнеткерлермен зейнетақы мөлшері ең төменгілер кірмейді.
      4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      6. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған айынан басталады және сол айға төленеді.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдармен жасалған Агенттік келісім негізінде жүзеге асырады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      8. Тұрғын үй көмегі 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып - күтумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасыларына төленбейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамы да есептелмейді.
      9. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      10. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      11. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса ауылдық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басы куәлігінің көшірмесін (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) Жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтаманы тек қана аудандық әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметінен алуы тиіс;
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жылына бір рет) немесе жал шартының көшірмесі (жалдау);
      4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда) немесе ауылдық округ әкімінен анықтама болу керек;
      5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен айға тоқсан сайын), көмірдің түбіртегі қажет етілмейді;
      7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).
      12. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      3) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      4) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына - қалалық жерде тұратындарға - бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға - алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
      6) 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы;
      7) мүгедек азаматтардың мүгедектігіне төленетін жәрдем ақы;
      8) зейнетақы;
      9) өзге де табыс.
      13. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй көмегi;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық - түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
      14. Тұрғын үй көмегін алу жөнiндегi өтініш пен қоса барлық қажетті құжаттарды ауылдық округтiң әкiмi қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі учаскелiк комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жазбаша тапсырылады.
      15. Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі учаскелік комиссия жүргiзiлген тексерудің нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны ауылдық округтің әкiмiне ұсынады.
      16. Ауылдық округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
      17. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган отбасына түбіртек - ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді. Түбіртек - ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      18. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
      19. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      20. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен жүзеге асырылады.

3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар

      21. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон;
      2) электр жүйесін қолдану:
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға - 90 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады;
      4) от жағу маусымындағы үйлерді жылумен жабдықтауға – 19500 теңге;
      5) орталықтандырылған от жағылатын пәтерлерге:
      жалғыз адам тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
      отбасыларында екі адамы барлар үшін – 42 шаршы метр;
      отбасы үш және одан көп адамнан тұратындар үшін - әр қайсысына 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек.
      6) абоненттік төлемақы төлеудің мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде белгіленсін.
      22. Коммуналдық және телекоммуникациялық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудан әкімі бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады