Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің 2010.12.31 N 24 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысына сәйкес 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды құраммен жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ескелді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде шақыру учаскелеріне тіркеуге алынсын.
2. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы төмендегідей құрамда бекітілсін:
Қанағатов Асан Уахитұлы - комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник(келісім бойынша);
Бейсбаев Асхат Ғалымжан - комиссия төрағасының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы.
Комиссия мүшелері:
Берліқожанов Болат Жебегенұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша);
Зонов Сергей Федорович - аудандық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Бабагумарова Эльмира - комиссия хатшысы (келісім бойынша).
3. Ауылдық және кенттік округтердің әкімдері:
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру учаскесінде тіркелуге жататын 1993 жылы туған азаматтардың тізімін берсін;
2) 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтардың дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алынуын жан-жақты қамтамасыз етсін.
4. Ескелді ауданының шақыру учаскесінде тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу үшін Ескелді ауданының "Аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Албаков Ильзат Назымұлы) келісім бойынша:
1) тіркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
2) тіркеуге алу жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті медициналық құрал-жабдықтар комплекттер бөліп берсін;
3) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге, тіркеуге алу басталғанға дейін 1993 жылы туылған жастардың медициналық жеке карталарын және амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
4) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
5) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.
5. Аудандық білім бөлімі (Жексенбеков Рүстемхан Ануарханұлы) 1993 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (Сембаев Бақыт Қожахметұлы):
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі инспекцияда тіркеуде тұрған жасөспірімдердің тізімін тапсыруды қамтамасыз етсін;
2) Шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқан бозбалаларды іздестіру барысында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге көмек көрсетіп, оларды жедел түрде іздестіру үшін аудандық ішкі істер бөлімі және қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкілдерінен топ құрсын.
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Тілеуберген Мұхаметқали Баймұратұлы), қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1993 жылы туылған азаматтар туралы мәліметтер тапсырсын.
8. Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі (Рүстембеков Салин Рүстембекұлы):
1) оқу орындарында, мекемелер мен ұйымдарда спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жастардың дайындығын бақылауды жүзеге асырсын;
2) тіркеу кезеңінде шақыру жасына дейінгі жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер жөнінде тәрбие және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын және өткізсін.
9.Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (А. Қанағатов) осы шешімнің орындалуы жөнінде 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін хабарлама беретін болсын.
10. Ескелді ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 2 (аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 17 наурызында 2-9-79 нөмірімен тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктелсін.
12. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Ескелді ауданы
әкімінің м.а. Қ. Әлібаев