Алатау, Нұрлытау, Жайлау, Алма-арасан, Ерменсай ауылдарына қарасты көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданының Үлкен Алматы ауылдық аумағы әкімінің 2009 жылғы 3 наурызда N 03-23 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 31 наурызда N 2-11-67 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастика кеңесінің 2006 жылғы 27 шілдедегі N 03-32/1951 және 2007 жылғы 27 тамыздағы N 01-32/1948 келісімдерін негізге ала отырып, Үлкен Алматы ауылдық аумағының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Келіп түскен құжаттар негізінде Алатау ауылындағы Набережная көшесінің атауын Самал көшесі, М. Горького көшесінің атауын Наурыз көшесі, Яблочная көшесінің атауын Алмалы көшесі, Мира көшесінің атауын Бейбітшілік көшесі, Новая көшесінің атауын Болашақ көшесі, Яблочная көшесінің атауын Алмалы көшесі, Садовая көшесінің атауын Бақшалы көшесі, Карла Маркса көшесінің атауын Әсемтау көшесі, переулок Алатау көшесінің атауын Алатау қалтарысы, Пионерская көшесінің атауын Балбөбек көшесі, Арычная көшесінің атауын Аққайнар көшесі, Казахстанская көшесінің атауын Қазақстан көшесі, Столичная көшесінің атауын Жетісу көшесі, Первомайская көшесінің атауын Мамыр көшесі, Дзержинского көшесінің атауын Д. Қонаев көшесі, Менжинского көшесінің атауын Қарасай батыр көшесі, Звездная көшесінің атауын Жұлдыз көшесі, Корпусная көшесінің атауын Бірлік көшесі, Фурманова көшесінің атауын Береке көшесі, Больничная көшесінің атауын Қайнар көшесі, Клубная көшесінің атауын Қаратал көшесі, Гаражная көшесінің атауын Керемет көшесі, Кирова көшесінің атауын Ақтерек көшесі, Чапаева көшесінің атауын Ақжазық көшесі, Д.Бедного көшесінің атауын Беріктас көшесі, Щорса көшесінің атауын Ақиық көшесі, Комсомольская көшесінің атауын Ұлан көшесі, Коммунальная көшесінің атауын Жастар көшесі, Октябрьская көшесінің атауын Бұлбұл көшесі, Фрунзе көшесінің атауын Кеңдала көшесі, Уйгурская көшесінің атауын Еркіндік көшесі, Школьная көшесінің атауын Қарқара көшесі, Центральная көшесінің атауын Тәуелсіздік көшесі, Шевченко көшесінің атауын Мирас көшесі;
      Жайлау ауылындағы Грушовая көшесінің атауын Жиделі көшесі, Новая көшесінің атауын Атамұра көшесі, Подгорная көшесінің атауын Көкжиек көшесі;
      Нұрлытау ауылындағы Урючная көшесінің атауын Ұлытау көшесі, Солнечная көшесінің атауын Күнжарық көшесі, Шоссейная көшесінің атауын Сапарлы жол көшесі, переулок Тихий көшесінің атауын Шағын қалтарысы, Центральная көшесі атауын Ынтымақ көшесі, Луговая көшесінің атауы Таңшолпан көшесі, Бригадная көшесінің атауы Парасат көшесі, Подгорная көшесінің атауы Қарқара көшесі, Спортивная көшесінің атауы Жайықты көшесі, Энергетическая көшесінің атауы Жібек жолы көшесі, Новая көшесінің атауы Хан-тәңірі көшесі;
      Алма-арасан ауылындағы Проходная көшесінің атауын Таужолы көшесі;
      Ерменсай ауылындағы Подгорная көшесінің атауын Таужиегі көшесі, Энгельса көшесінің атауын Жерұйық көшесі, Суворова көшесі атауын Арайлы көшесі, Алатауская көшесі атауын Бұлақты көшесі, Клубная көшесінің атауын Үшқоңыр көшесі, Арычная көшесінің атауы Желтоқсан көшесі деп атаулары өзгертілсін.
       2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық аумақ әкімінің орынбасары М. Геккиевке жүктелсін.
       3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Әкім                                       Г. Дауренбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады