"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы"

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 12-1243 қаулысы. Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қаңтарда N 2-11-82 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 11-1150 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 14.11.2011 № 11-1150 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-4 тармақшасына, 18-1 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс берушілерді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік жұмыс орындары арасындағы келісім шарттарды жасауға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылсын.
      3. Аудандық қаржы бөлімі /Сансызбаев Дулат Мұратұлы/ әлеуметтік жұмыс орындарын уақтылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қалиев Еділ Әбуұлына жүктелсін.
      5. Қарасай аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 24 қаңтарында № 2-11-46 болып тіркелген, 2008 жылдың 5 сәуірінде № 15 аудандық «Заман жаршысы» газетінде жарияланған, 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-2103 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күндік мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Тұрлашов Л.

      «Әлеуметтік жұмыс орындарын
      ұйымдастыру туралы»   
      2009 жылғы 29 желтоқсан 
      № 12-1243 қаулысына қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ

1. Жалпы ереже

      1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі (әрі қарай-Тәртіп) Қазақстан Республикасының Заңдарымен нысаналы топтағы халықты жұмыспен қамтылу шараларын кеңейту мақсатында дайындалған.
      2. Осы Тәртіп өтінішпен келген нысаналы топтағы халықты жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуын, жеке қаржыландыруын анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдармен негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру заңдары таратылады.

2. Жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілер келесі ерекшеліктер бойынша іріктеледі:
      1) Әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарға арналуы тиіс
      2) Әлеуметтік жұмыс орындары уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс
      3) Жұмыс берушілердің жұмысты жартылай жұмыс күнін пайдалану арқылы немесе ыңғайлы кесте бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар
      4) Әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік жағынан пайдалы болуы керек.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер мемлекеттік мекемесі мен тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері көрсетілген келісім шарт жасайды.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын
қаржыландыру шарттары және көздері

      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған тұлғаларға еңбек заңдылықтарын сақтай отырып, жеке еңбек келісім шартына сәйкес және атқарылатын жұмыстың көлеміне, сапасына, күрделігіне байланысты еңбек ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылады.
      7. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін тиісті өтемақы шығындары Қарасай ауданының бюджетінде қарастырылған қаражат көлемінде жүзеге асырылады

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыруды және қаржыландыруды
бақылау

      8. «Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыруды бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады