Ескелді ауылдық округінің "Қайнар" ауылына жеке аулаларында қой, ешкі малдарының ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы N 113 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 10 маусымда N 2-12-112 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 281 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009.09.23 N 281 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2009 жылдың 23 сәуірдегі N 183 сараптамасы, Қаратал ауданының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2009 жылдың 18 мамырындағы N 235 хабарламалары және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2009 жылдың 18 мамырындағы хаттамасы негіздерінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ескелді ауылдық округінің "Қайнар" ауылына жеке аулаларында қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу енгізілсін.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Амандосовқа жүктелсін.
       3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады