Сотталған адамның тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау үшін қоғамдық жұмыстардың түрін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 02 қыркүйектегі N 228 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 09 қазанда N 2-12-125 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 300 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 300 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42–бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау үшін қоғамдық жұмыстың келесі түрлері белгіленсін:
      1) тұрғылықты елді мекен аумақтарында санитарлық тазалық жүргізу;
      2) тұрғылықты елді мекен аумақтарында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім: Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады