РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын, басшылыққа алып, Балпық кенттік округі тұрғындарының пікірін және Көксу аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Балпық кенттік округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданы Балпық кенттік округіне қарасты, Ақшатоған ауылындағы Октябрьская көшесі Шайзада Андызбаева көшесі болып, Первомайская көшесі Айкен Ерденбеков көшесі болып атаулары өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балпық кенттік
округінің әкімі Ә. Қалиева