Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 27.03.2009 № 4-17-112 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданы аумағындағы бірыңғай тіркелген салық ставкалары мөлшері қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Панфилов ауданы бойынша салық басқармасы бастығы Т. Керімбековке тапсырылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы М. Оңласынов
Аудандық мәслихат
хатшысы Т. Оспанов
Панфилов аудандық мәслихатының
2009 жылғы 4 ақпандағы
"Панфилов ауданы аумағындағы
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларының мөлшерін белгілеу
туралы" N 4-15-100 шешіміне
қосымша
Рет саны |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын |
12 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы. |
18 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер |
4 |
4 |
Ойын жолы |
45 |
5 |
Карт |
12 |
6 |
Бильярд үстелі |
10 |