"Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 тамыздағы N 25-145 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 9 қыркүйекте N 2-17-76 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 маусымдағы N 7-52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2012.06.25 N 7-52 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2 тармақшасына сәйкес Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағын беру ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының
      кезектен тыс 25-ші
      сессиясының төрағасы                       Н. Мукашев

      Сарқан аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Ғ. Рахметқалиев

Сарқан аудандық мәслихатының
2009 жылғы 6 тамыздағы
"Сарқан ауданының Құрметті
азаматы" атағын беру туралы
N 25-145 шешімімен
бекітілген

"Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағының берілуі моральдық көтермелеудің маңызды түрлерінің бірі. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағы атты қадірлеу белгісі ауданның дамуына ерекше еңбек сіңіргені үшін, азаматтарға тірі кезінде беріледі.
      2. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағын Сарқан аудандық мәслихаты береді.
      3. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағы өмірбаяндары Сарқан ауданымен байланысты ауданның азаматтарына, сондай-ақ басқа аудан, қалалар азаматтарына Сарқан ауданының дамуына қосқан келесі үлестері үшін беріледі:
      1) ауданның әлеуметтік - экономикалық реформаларына белсене қатысса, экономикалық қаржылық, өнер кәсіп және аграрлық секторларының дамуына түпкілікті ықпал етсе, кең көлемді инвестицияларды тартса;
      2) қоғамды демократияландыру ісіне қатысып, аудан халқын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асырса, жемісті және белсенді түрде қайырымдылық қызмет атқарса;
      3) агроөнеркәсіп, техникалық тиімділігі жоғары жаңа техника мен технология енгізсе;
      4) аудан халықтарының ұлттық мәдениеттерін жақындастырып, дәстүрлерін дамытып насихаттаса, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етсе, аудан тарихын зерттеп, көркемдігі жағынан биік өнер, әдебиет және журналистика туындыларын шығарса;
      5) Егемен Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігінің қалыптасуына үлкен үлес қосса, жастарды тәрбиелеудің, оқушылар мен студенттерге сапалы білім берудің, спортты, дене тәрбиесін дамытудың жаңа түрлерін нығайтса, оны практика жүзінде іске асырса;
      6) адам өмірін, аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған табиғи ортаны сауықтыру ісіне үлес қосса;
      7) заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізсе, азаматтар құқығының қорғалуына еңбек сіңірсе, бейбіт уақытта парызы мен азаматтық міндетін атқаруда жеке ерлік көрсетсе.
      4. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағына үміткер келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
      1) Бұрынғы КСРО-ның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен (Орден, медаль) марапатталған, қазақстан Республикасының құрмет грамотасының, өзінің қызмет саласы бойынша Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын иеленгендер;
      2) Сарқан ауданының басшысы болып 5 жылдан артық мінсіз қызмет (жұмыс) атқарса, 10 жылдан жоғары аудан деңгейінде басшы қызметін немесе 20 жылдан артық бір салада қызмет атқарып, ауданға ерекше еңбегін сіңірсе, өзінің қызметтік міндетін атқаруда жоғары кәсіби шеберлік, білімділік пен біліктілік таныта білген, аудан азаматтарының алғысына бөленіп, құрметіне ие болса;

2. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағы кезектен тыс
мынадай жағдайларда беріледі

      1. Сарқан ауданының азаматы өнер, мәдениет, білім, спорт салаларында, олимпиада ойындарында, халықаралық жарыстарда, байқауларда бас жүлдені иеленсе;
      2. Спорт жарыстары бойынша Еуропа, әлем біріншілігінде жүлделі орын алса;
      3. Ғылым салаларын дамыту үшін доктор ғылыми дәрежесін, профессор-ғылыми атағын алса;
      4. Әскери және құқық қорғау салаларында жоғарғы шенге (генерал) ие болса;
      5. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді аудан әкімінің ұсынуымен аудандық мәслихат депутаттары көпшілік дауысымен мәслихат сессиясында қабылдайды.
      6. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға куәлік пен төс белгісі тапсырылады;
      7. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" төс белгісі мен куәлігін аудандық мәслихаттың хатшысы және аудан әкімі салтанатты жағдайда иесіне тапсырады.
      8. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім аудандық "Сарқан" газетінде жарияланады.

3. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну
тәртібі

      1. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағы жыл сайын бес адамға дейін-ақ берілуі мүмкін.
      2. "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағы беру туралы ұсынысты, өкімді аудандық мәслихатқа аудан әкімі енгізеді.
      3. Кәсіпорын, ұйым, бірлестік, қоғамдық ұйымдар және шығармашылық одақтардың басшылары "Сарқан ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы өтініш хатты, ұжымның жалпы жиналысының хаттамасын, ұсынылған кандидатқа мінездемені аудан әкімінің аппаратына ұсынады.
      4. Атақ беру үшін ұсынылған адамының кандидатурасы жұмыс істейтін кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, сондай-ақ қоғамдық ұйымның жиналысында қаралып, шешім қабылданады, мінездеме бекітіледі
      5. Атақ беру үшін ұсынылған кандидаттың ауданға сіңірген еңбегі, көрсеткіштері, шығармашылық еңбектері, қызметінің тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, негізгі жұмыс нәтижелері, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан нақты үлесі көрсетілген мінездеме келтіріледі.
      Атаққа ұсынылатын ғалымдардың, ғылым қайраткерлерінің мінездемесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі, өнертапқыштардың өндіріске енгізген жаңалықтарының (экономикалық тиімділігі көрсетілген) тізбесі өнертабыстары туралы авторлық куәліктердің көшірмелері қоса тапсырылады.
      6. Жиналыс хаттамасына жналыс төрағасы, хатшысы қол қояды, мөр басып, куәландырады. Аудан әкіміне жолдаған өтініш хатқа, мінездемеге кәсіпорын, ұйым, бірлестік, қоғамдық ұйымның, шығармашылық одақтың басшылары қол қояды, мөр басып, куәландырады.
      7. Атақ беру туралы өтініш хат, жиналыс хаттамасы, мінездеме мемлекеттік тілде (сондай-ақ, орыс тілінде) хаттамаландырылады, келісу үшін аудан әкіміне жолданады.
      8. Атақ беру туралы құжаттар қабылданбаған жағдайда және аудандық мәслихаттың сессиясында атақ берілмесе аудандық мәслихат, аудан әкімдігі, кәсіпорын, мекеме, бірлестік, қоғамдық ұйымға ауызша немесе жазбаша түрде түсіндірме береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады