РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Белбұлақ ауылдық округінің 15 маусым 2009 жылы өткен тұрғындар жиналысының шешімін ескере отырып Қазақстан Республикасының «Әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабын және Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 бабын басшылыққа ала отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ қабылдады:
1.Белбұлақ ауылдық округіне қарасты Белбұлақ, Талдыбұлақ, Бірлік ауылдарының жанындағы бөлінген жаңа құрылыс жерлерінің көшелеріне жаңадан еліміздің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге еңбек сіңірген азаматтардың аттары төмендегідей берілсін:
1) Белбұлақ ауылындағы жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге:
1-ші көшеге – «Ахмет Байтұрсынов» көшесі;
2-ші көшеге - «Шәкәрім» көшесі;
3-ші көшеге - «Біржан сал» көшесі;
4-ші көшеге – «Ақан сері» көшесі;
5-ші көшеге – «Сүгір» көшесі;
6-шы көшеге – «Керей хан» көшесі;
7-ші көшеге – «Шәкен Айманов» көшесі;
8-ші көшеге – «Нұрғиса Тілендиев» көшесі;
9-шы көшеге – «Ахмет Жұбанов» көшесі;
10-шы көшеге – «Алатау» көшесі;
11-ші көшеге – «Бұқар жырау» көшесі;
12-ші көшеге –«Дәулеткерей» көшесі
2) Бірлік ауылының жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге:
1-ші көшеге – «Балуан Шолақ» көшесі;
2-ші көшеге – «Шәмші Қалдаяқов» көшесі;
3-ші көшеге – «Бикен Римова» көшесі.
3) Талдыбұлақ аулының жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі көшелерге
1-ші көшеге – «Латиф Хамиди» көшесі;
2-ші көшеге – «Дина Нүрпейісова» көшесі;
3-ші көшеге – «Ұлытау» көшесі.
2. Белбұлақ ауылының бұрынғы көшелерінің қазіргі атауы өзгертіліп төмендегідей жаңадан атау берілсін:
«Ворошилов» көшесі «Абай» көшесі деп;
«Школьная» көшесі «Ыбырай Алтынсарин» көшесі деп;
«Мичурин» көшесі «Қ.Әбдіғұлов» көшесі деп ауыстырылсын.
3. Белбұлақ, Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарының Алматы-Талғар трассасының бойында орналасқан «Шоссейная» көшелері «Жібек-Жолы» болып бір атауға ауыстырылсын
4. Бірлік ауылының жаңа құрылыс жеріндегі «А.Күздеубаев көшесі» деп аталып жүрген көше осы шешіммен заңдастырылсын.
5. Округке қарасты елді мекендердегі жаңа құрылыс жерлеріндегі жаңадан ат берілген көшелерде орналасқан үйлерге жаңа номерлер берілсін.
6. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7.Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімінің орынбасары Б.Сеитоваға жүктелсін.
Ауылдық округ әкімі С. Сайранова