Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 маусымдағы N 14-241 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Ұйғыр ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 24 шілдеде N 2-19-80 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы N 02-50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010.01.25 N 02-50 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына және Ұйғыр аудандық мәслихатының 19 желтоқсан 2008 жылғы "Ұйғыр ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 17-2 шешіміне сәйкес, жеке топтағы азаматтарды қосымша қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі бір жолғы әлеуметтік көмек) азаматтың қайтыс болған кезеңіндегі айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.
       2. Егер қайтыс болған адам, еңбектік қатынастарда тұрған болса, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда, отбасының табысына қарамастан бір жолғы әлеуметтік көмек тиісті жағдайлар орын алған кезден бастап үш ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша берілу белгіленсін.
       3. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Тұрдыбакиев Тұрсынжан отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер) өтініші бойынша және келесі құжаттарды ұсынған жағдайда бір жолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:
       1) өтініш иесінің жеке басының куәлігі, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігі, салық төлеушінің нөмірі (СТН);
       2) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, келісім-шарт);
       3) ресми түрде жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама;
       4) әділет органдары беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы).
       4. "Ұйғыр аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Даутова Сахидам Молутовна аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
       5.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
       6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады