Қала көшелерінің атауын өзгерту және атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 31 наурыздағы N 205 Қаулысы және Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 25-6 Шешімі. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қаңтарда 97 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 4) тармақшасы негізінде Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Рощинский көшесі мен бұрылысы Есен Өтеулиевтің есіміне өзгертілсін.
      2. «Гидрокешені» алқабының жаңа көшесіне Оспанәлі Иманәлиевтің есімі берілсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қала әкімі                        Қалалық мәслихат хатшысы
      Е. Астаев                              Ө. Байшығашев

       Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                   Ж. Бөлекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады