Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 наурыздағы N 17-6 Шешімі. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 сәуірде 91 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 11 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Байзақ ауданның төмендегі елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерінің мөлшері екі есеге көбейтілсін:
      1) Қостөбе ауылы;
      2) Талас ауылы;
      3) Талас бекеті;
      4) Бурыл ауылы;
      5) Құмжота ауылы;
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихат                    Аудандық Мәслихат
      сессиясының төрағасы                 хатшысы
      А. Жамишжанов                        А.Ж. Унетаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады