Азаматтық қызметшілерге жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 шілдедегі № 19-9 шешімі. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 94 болып енгізілді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4-7 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      “Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексінің 238-бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалары мен салыстырғанда лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары жиырма бес процентке жоғары белгіленсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Ж. Есенқұлов А. Унетаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады