2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімиятының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 74 Қаулысы. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 наурызда 80 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 3/904 хаты)

      Еркерту.Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.08 N 3/904 хаты).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5718-1 баптарына сәйкес және нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
      
      Жамбыл ауданының әкімі                   М. Дүйсембаев

Жамбыл ауданы әкімиятының
2009 жылғы 24 ақпандағы № 74
қаулыға қосымша

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi

      Осы әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбiн айқындайды.

1. Жалпы бөлім

      1. Аталған тәртіптегі пайдаланатын негізгі ұғымдар:
      1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
      2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген адамдар топтары;
      3) Уәкілетті орган – "Жамбыл ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi

      2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу арнаулы құралған комиссиямен жүргізіледі.
      3. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органының және басқа да мекеме ұйымдардың өкілдері кіреді.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссияның шешімі ауданның атқарушы органымен бекітіледі.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер төмендегі талаптарға сай болуы керек:
      1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі;
      2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындары немесе оларды құруға мүмкіндігі бар болуы;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.
      6. Комиссияның шешімі негізінде уәкілетті орган жұмыс берушілермен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасайды.
      7. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды құрады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады