Жамбыл ауданы аумағындағы елді-мекендерде бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 09 қыркүйектегі N 435 Қаулысы. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 01 қазанда 94 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 443 қаулысымен

      Еркерту. Күші жойылды - Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010.10.11 № 443 қаулысымен.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан аумағында уақ малдары арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Жамбыл ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инпекторының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 294 ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан аумағындағы уақ малдары арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, ауру тіркелген елді-мекендерге (қосымшаға сәйкес) шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Жігітековқа (келісім бойынша), «Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е. Қасымовқа (келісім бойынша), «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3252 болып тіркелген) туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Сейітовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі                     М. Дүйсембаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е. Қасымов.
08.09.2009 ж.

«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н. Жігітеков
08.09.2009 ж.

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 435 қаулысына қосымша

Жамбыл ауданы аумағындағы уақ малдар арасында бруцеллез ауруы тіркелген елді-мекендердің тізімі.

      1. Ақбұлым ауылына қарасты елді-мекендер:
      1) Ақбұлым ауылы.
      2. Ерназар ауылдық округіне қарасты елді-мекендер:
      1) Ерназар ауылы.
      3. Жамбыл селолық округіне қарасты елді-мекендер:
      1) Бесжылдық ауылы;
      2) Шайқорық ауылы;
      3) Қапал ауылы;
      4) Шайқорық бөлімшесі;
      5) Қоңыртөбе ауылы;
      6) Танты ауылы.
      4. Құмшағал ауылдық округіне қарасты елді-мекендер:
      1) Құмшағал ауылы;
      2) Шөлдала ауылы;
      3) Қызыл-Абад ауылы;
      4) Көлтоған ауылы;
      5) Құмшағал станциясы;
      6) Казарма ауылы.
      5. Қызылқайнар ауылдық округіне қарасты елді-мекендер:
      1) Қызылқайнар ауылы;
      2) Жасөркен ауылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады